29 ақпан күні Облыстық мұрағат мекемесінде 1 наурыз - Алғыс қүні мерекесіне орай іс-шара болып өтті. Бұл жиынға ҚР Президенттік Мұрағат сараптамашысы, т.ғ.к. А. Сүлейменова, Өзбек этно-мәдени орталығының басшысы И.А.Хакимжанов, мұрағаттар директорлары, Облыстық Тілдерді дамыту бөлімінің және мұрағат қызметкерлері, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Г.Тілеуқұлов қатысты.
Іс-шара барысында ОҚО Мұрағаттар және құжаттама басқарманың басшысы Шарафиев Нұрлан Мұхтарұлы Г.Тілеуқұловты мұрағат саласын дамытуға қосқан сүбелі үшін арнайы Алғыс хатпен марапаттады.