2016 жылдың 11-12 сәуір күндері, «Хореография» мамандығының ПИК-12-9р тобының бітіруші курс студенттері «Халықтық-сахналық биді оқыту теориясы мен әдістемесі» және «Қазақ биін оқыту теориясы мен әдістемесі» пәндерінен мемлекеттік емтихан тапсырды. Студенттер мемлекеттік емтиханды және хореографиялық қойылымдық бағдарламаларды көрсетті. «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы О.В. Крылова және оқытушы, магистр А.А.Турдиеваның жетекшілігімен іске асырды.
Бітіруші түлектер өздерінің орындау шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.Студенттердің көптеген жұмыстары хореографиялық композицияларын қоюда өзіндік ойын жақсы іске асырғандығын байқата білді. Болашағынан зор үміт күттіретін жас дарындарға сәттілік тілеміз!