4 қараша күні «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Г.Тілеуқұлов және аға оқытушы А.Қабылдың жетекшілігімен Дене тәрбиесі және спорт факультетінің студенттер тобы қаламызда орналасқан Д.Қонаев музейіне экскурсиялық танысу жүргізіп қайтты. Шәкірттер музей экспозицияларындағы Д.Қонаев атамыздың тұтынған заттары мен киімдеріне, мұралық жәдігерлерге баса назар аударып қызығушылықпен тамашалады. Сондай-ақ, сол кездегі Алматының сәулеттік көрінісі мен экономикалық, мәдени өмірі бейнеленген понарамалық диорама да үлкен әсерге бөледі. Екі экспозициялық залдан тұратын музей қорында 300-дей тарихи дәуірден сыр шертетін фотосуреттер деректі құжат ретінде жиналған екен.
Жас буын өкілдерінің бойында отансүйгіштің сезімді қалыптастыру, елжандылық қасиетті дарыту мақсатында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген танымдық экскурсия соңында музей ұжымы атынан облыстық Д.А.Қонаев қоғамдық қоры жанынан шығатын «Аталар сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетін тарту етті.