19 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында Алашордаға 100 жыл толуына орай «Алаштың ардақты азаматтары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шараға М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Карибаев, т.ғ.к., аға оқытушы Г.Тілеуқұлов, аға оқытушы А.Қабыл қатысып Алаш қозғалысының тарихи жолы, мән-маңызы мен кейінгі тың зерттеулер туралы кең түрде баяндады, сонымен бірге оқушы жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Пікірлесуге ұласқан жиын соңында кітапхана басшылығы атынан қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.