01.03.2019 ж күні «Әйелдер Кеңесінің» ұйымдастыруымен университетімізде «Мерейлі отбасы» байқауы өтті. Байқауға университетте жұмыс істейтін отбасылық 11 жұп қатысты. Байқау қатысушылары 3 кезең бойынша сайысқа түсті: таныстыру, салт-дәстүр, өнер. Бас жүлдені «Өнер» кафедрасының меңгерушісі Балжан Сейдраманқызы Тлеубаева мен жұбайы «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының меңгерушісі Сералы Шабайұлы Тлеубаевтар жеңіп алды. Ең үлгілі отбасыға 200 000 ақшалай сыйлық берілді. Тлеубаевтардың отбасы құрғандарына 33 жыл болған. Ұл, қыз өсіріп, 2 немере сүйген.
powered by social2s