2019 жылғы 4-5 сәуір күндері Семей қаласындағы Семей мемлекеттік медицина университетінде өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асырудағы ақыл, төзімділік және белсенділік» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
- Факультет жаңалықтары
- Қаралды: 99
МПИ-17-11нк тобының магистранты Қалшабек Бидос Нуридинұлы 2019 жылғы 4-5 сәуір күндері Семей қаласындағы Семей мемлекеттік медицина университетінде өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асырудағы ақыл, төзімділік және белсенділік» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып қайтты.
Аталған іс-шарада Б.Қалшабек «Рухани жаңғыру: Киелі жерлер мен тарихи-мәдени мұралардың Отандық туризмді дамытудағы рөлі» тақырыбында баяндама жасап, үздіктер қатарынан табылды. Баяндаманың өзектілігі мен маңыздылығы жоғары бағаланып, дипломмен марапатталды, сондай-ақ сертификат табысталды. Сонымен қатар, университет ректоры т.ғ.д., профессор Д.П. Қожамжарованың атына алғыс хат, ғылыми жетекшісі ф.ғ.д., профессор С.Тлеубаевқа алғыс хат табыс етілді.
powered by social2s