Педагогика және мәдениет факультеті «География» мамандығының студенттері «Хан Қорық 2» жастар фестивалінде 2-орынға ие болды.
- Факультет жаңалықтары
- Қаралды: 95
М.Әуезов атындағы ОҚМУ 5В011600- «география», 5В011400-«тарих»,5В041900- «мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы студенттері 2016 жыл 15-20 тамыз аралығында өткен «Хан Қорық 2» жастар фестиваліне қатысты. Фестиваль ҚР БҒМ және Қазақ Ұлттық Географиялық Қоғамының ұйымдастыруымен өтті. Жобаның мақсаты парниктік газдардың шығарылымдарын азайту және климаттық өзгерістерге залалын сейілту, қажетті шаралар қолдану және мамандар даярлау.
Фестиваль Шымкент – Түркістан – «Сайрам-Өгем» МҰТС – Шымкент маршруты бойынша жүрді. Фестивалге қатысушылар Қазақстанның ЖОО–ның студенттері мен QazaqGeo мүшелері.
Фестиваль қатысушылары Сайрам-Өгем МҰТП-ның парк аймағымен танысып, лагерде шатыр құрып, содан соң БҰҰДБ-мен бірге «Қоршаған орта мен климаттың өзгеруі» тақырыбына семинар өткізді. Семинар барысында Экібастұз, Петропавл, Астана, Алматы, Тараз және Шымкент қалаларынан археолог, өлкетанушы, тарихшы, географтар талқыға қатысты. Қатысушылар баяндамалар оқып, ең жақсы баяндамаларға жүлделер мен сыйлықтар берілді.
2 орын: Алдонгарова Күмісай және Сыдық Таңсұлу (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеді)
Кешкілік фестиваль қатысушыларын марапаттау рәсімі мен концерттік бағдарлама қойылды.
Қорытындылай келе, жалпы «Хан Қорық 2» фестивалі екінші рет өткізілуде. Енді жыл сайын ұйымдастырылу жоспарлануда. Аталған фестивалді ұдайы ұйымдастырып отыру жастарға жан-жақты танымы артып, Қазақстанның тарихы мен мәдениеті тұрғысында құнды дүниелер алады деген сенімдеміз.