10.11. 2016 жылы ОҚМУ-нің№8 ғимаратының оқырман залында «Бір ел -бір кітап» Республикалық акция шеңберінде таңдалған қазақтың көрнекті ақын-ойшыл Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған «Елдіңжәне еркіндіктің жаршысы» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға «Мәдени-тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасының оқытушысы, магистр Қоныспаева Аққудың жетекшілігімен ПИК 15-15к тобының студенттері Зиябек Жандос пен Төлен Абзал қатысып, Д. Бабатайұлының «Шаштараз» дастанынан үзінді көрінісін көрсетті.Іс-шара өтуіне атсалысқан кафедрамыздың оқытушысы Қоныспаева А.А. алғыс хатпен марапатталды.