2016 жылдың 21 қарашасында Облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Тәуелсіздің 25-жылдығына – 25 игі іс-шара» жобасы аясында және Желтоқсан оқиғасының 30-жылдығына арналған «Желтоқсан және Тәуелсіздік» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Осы іс-шараға Әбдішәріп Мұқағали мен ПИК 16-15к3 тобының студенттері қатысты. Кеш қонағы Мархабат Байғұтпен кездесу болды. Студент М.Әбдішәріп М.Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» пьесасындағы Жұрнақ образын сомдап, монологын оқыды. Осы іс-шараға қонақ болған Қарабауыр қасқалдақ әнінің композиторы Лесбек Аманов және Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Тобанияз Ерімбетов ағаларымен жүздесіп, желтоқсан оқиғасы туралы сұхбат өткізді.Осы іс-шарада Қоныспаева Аққу тәлімгер және студенттерді ұйымдастырушы ретінде алғыс хатпен марапаттады.