6 желтоқсан күні Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен «G mail» интерактивті алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан жолы: тәуелсіздік пен жасампаздыққа 25 жыл» онлайн бейнеконференция өткізілді. Бейнеконференцияға Абай атындағы ҚҰУ-і, Павлодар қазақ-түрік лицейі, Астана қаласының мектеп-лицейі, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-імен қатар М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессор-оқытущылар құрамы да қатысып «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясының» тарихи маңызы мен тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері баяндалды.