«Мәдени Мұра» Халықаралық суретші-педагогтар симпозиумы өтті

26.11.2021ж. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәдени Мұра» Халықаралық суретші-педагогтар симпозиумының қорытынды көрмесі өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 45 суретші-мұғалімдер Шымкент және Түркістан қалаларының көрікті жерлерін бүтін бір туындысына арқау етіп, жұртшылық назарына ұсынды.

Симпозиум - ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейі, ҚР Суретшілер Одағының Түркістан облыстық филиалы мен Қазақстан Республикасының Көркем академиясының Түркістан ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген екі күндік іс-шара.

 Аталған шараның мақсаты - заманауи педагогикалық көркем білім беру мәселелерін зерттеп жүрген ЖОО ғалымдарының, докторанттар мен магистрантардың, суретші-педагогтердің, орта мектептерде дәріс беретін көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу нәтижелері мен көкейкесті мәселелері бойынша шығармашылық тәжірибе алмасу.

Ашу рәсімінде, техника ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бірінші проректоры Нұрманбетов Қайрат Еңбекшіұлы, осындай симпозиумдар өткізу дәстүрге айналғанын және оған қатысушылардың аясы кеңейе түскенін жеткізді. Жалпы Қазақ Елін алдағы еліміздің ұлы мейрамдарымен құттықтай келе, суретші-педагогтарға жаңа шығармашылық сәттіліктер мен жетістіктер тілеп, суретші-педагогтарға қатысқаны үшін диплом мен ақшалай сыйлық табыстады.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем Академиясының академигі, Халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты, суретші-кескіндемеші, ТО Бейнелеу өнері музейінің директоры Оспанов Айнабек Мыңжасарұлы сөз кезегінде, суретші мамандығының мәртебелі мамандық екендігіне тоқталып және осындай аталмыш іс-шаралардың маңыздылығын баса айтып, марапаттау барысында суретші-педагогтарға Халықаралық деңгейдегі сертификат пен естелік сыйлықтарын табыс етті. Ал ұйымдастырылған іс-шараның қатысушы суретші мұғалімдері БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттарында симпозиум жайлы орамды ойларын білдіріп, аталған шараның берері көп екендігін айтып, ұйымдастыру алқасына алғыстарын білдірді.

«Мәдени Мұра» халықаралық суретші-педагогтар симпозиумының шеңберінде - ұлттық киім киіп, қазақтың ұлттық музыкаларын орындаған «Қазына» фольклорлық ансамблі сүйемелдеуінде ХОР орындалып, тәуелсіздігімізді бейнелеген билерімен «Қаракөз» би ансамблінің бишілері би билеп, ал ұлттық нақыштағы «Нұрлы мұра» дизайнерлері сәнді киім жиынтығын ұсынып, модалық сән үлгісін көрсетті.

     

  


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.