Жаңалықтар
ҚР Президенттігіне үміткер Қасым -Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасында зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық қоғамдық штаб мүшелері Дария Қожамжарова, Шалатай Мырзахметов, Бауыржан Қуанышбеков, Талғат Балтабаев, Бахтияр Жандарбеков, Мұхаммед Қырықпаев, Әбдез Рахман елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға тоқталып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына назар аударды.
«Әділетті Қазақстанды айқындайтын басты құндылықтар – еліміздің тәуелсіздігі, тұтастығы мен унитарлығы, бірлік, отаншылдық, еңбекқорлық, отбасылық құндылық, халқымыздың тарихы мен дәстүрі. Осы құндылықтарды нығайта отырып, біз елімізді ішкі және сыртқы сын-қатерден қорғаймыз, азаматтарымызды жарқын болашаққа бастаймыз. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасында осы мәселелерге ерекше мән берілген. Қазақстанды біз халықаралық аренада бірегей ұлттық мәдениет пен бейбітшілік, төзімділік, келісім мен ізгілік елі ретінде ілгерілететін боламыз. «Бірлігіміз – әралуандықта» әмбебап қағидаты бойынша этносаралық бірлік пен конфессияаралық келісімді нығайту саясатын жалғастырамыз», - деді өз сөзінде Дария Қожамжарова.
Спикерлер мемлекеттік тілдің одан әрі дамуын және күнделікті өмірдегі қолданысын ынталандырылатынын, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының нысандарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылатынын да атап өтті.
Кездесуге қатысқан зиялы қауым өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдағы сайлауда сәттілік тілеп, өз алғыстарымен қатар ұсыныс тілектерін жеткізді, сондай-ақ сайлауда бір болатындықтарын айтты.
#Toqaev2022

powered by social2s