М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті Мәдениет және өнер факультетінде ұйымдастырылған «Педагогикалық білім берудегі қазіргі тенденциялар: бейнелеу өнері, көркем еңбек және кәсіптік оқыту» атты қысқы мектепті ұйымдастыру  нәтижелері  туралы  п

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті Мәдениет және өнер факультетінде ұйымдастырылған «Педагогикалық білім берудегі қазіргі тенденциялар: бейнелеу өнері, көркем еңбек және кәсіптік оқыту» атты қысқы мектепті ұйымдастыру нәтижелері туралы п

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті Мәдениет және өнер факультетінде ұйымдастырылған «Педагогикалық білім берудегі қазіргі тенденциялар: бейнелеу өнері, көркем еңбек және кәсіптік оқыту» атты қысқы мектепті ұйымдастыру  нәтижелері  туралы  п.ғ.д., профессор Ералин Қуандық Ералыұлының

П І К І Р І

Кешкі мектеп жоспарына сай оқылған баяндамаларды тыңдау нәтижесі бізге мынандай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

1.Әуезов университетіндегі ұйымдастырылған «қысқы мектеп» Қазақстан көркемдік білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуындағы маңызды іс шараның бірі болды.

  1. Кешкі мектептегі оқылған баяндамаларында бейнелеу өнері, көркем еңбек, кәсіптік білім берудің тарихы, теориясы мен практикасының көкейкесті мәселелері қарастырылып, талданып олардың шешу жолдары көрсетілді, жаңа жұмыс бағыттарының перспективалары айқындалды. Көркемдік білім берудегі заманауи ехнологиялар мәніне ерекше назар аударылды.
  2. Болашақ көркем еңбек мамандарын даярлаудағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері бойынша бағалы ұсыныстар жасалды.

4.Онлайн форматында өткен бұл «кешкі мектеп» жаңашылдық сипаты мол педагогка ғылымындағы инновациялық іс-шараның  бір түрі ретінде өзінің өміршең болатындығын көрсетті.  Алдағы уақытта бұл істі жалғастыру - Қазақстандағы  көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлау  ісінің дамына ерекше үлес болып қосады деп ойлаймын.

5.Бұл кешкі мектептің  ерекшелігінің өзі  тақырыбының кәсіби білімге, кәсіби мамандар даярлаудың заманауи мәселелерін шешуге, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, дамытуға  бағытталуында болды.

6.Бұл іс- шараның прогрессивтік, жанашылдық, тәжірибелік сипатының болуына байланысты  алдағы уақытта  дәстүрге айналдыру бағытында  жалғастыруды қажет етеді. Бұл іс Қазақстандағы көркемдік білім беру ісін жоғары сатыға көтеретін бірден бір қозғаушы күш болады деп сенемін.

  1. Қазақстан, Ресеймен, Қытай Өзбекстан, Қарақалпақстан т.б. шет елдер көлеміндегі қатысушылардың баяндамалары баяндамашылар қатысқан  ауқымды  халықаралық педагогикалық іс- шара болып табылатын кешкі мектепті ұйымдастырған Әуезов университетінің ректоры ......ханымға, Мәдениет және өнер факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор М.Тәңірбергеновке, кешкі мектептің бас медераторы п.ғ.д., профессор С. Жолдасбековаға  және барлық ұйымдастырушыларға,  кешкі мектепке қатысушылар атынан  және өз атымнан шынайы ризашылықпен алғысымызды білдіреміз.

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті, Спорт және өнер факультеті, Бейнелеу өнері кафедрасының профессоры, п.ғ.д.,  ҚР Мәдениет қайраткері,    ҚР Суретшілер Одағының мүшесі

Ералин Қуандық Ералыұлы


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.