VIII Республикалық пәндік олимпиада

     2016  жылдың  14-15  наурыз  аралығында  Астана  қ-сы, Қазақ  Ұлттық  өнер  университетінде  жоғары  оқу  орындарының  5В040900 – «Хореография»  мамандығының  студенттеріне  арналған  VIII  Республикалық  пәндік  олимпиадасы  өтті. Олимпиада  2  бөлімнен  құралды – жазбаша  тестілеу  және  тәжірибелік  тапсырма. Коммиссия  мүшелері  Қазақстанның  түрлі  қалаларынан  келген  «Хореография»  мамандығының  шеберлері, халық  әртістері, профессорлар, доценттері  мен өнертану  кандидаттарынан  құралды. ҚазҰӨУ  студенттері  мен  олимпиада  қатысушыларына  мемлекетіміздің  үздік  мамандары мастер  класстар  өткізді, алғашқылардың  бірі М. Әуезов  атындағы  ОҚМУ-нің  «Өнер»  кафедрасының  меңгерушісі, п.ғ.к., доцент  Тлеубаева  Б. С.  Олимпиада  қортындысы  бойынша  п.ғ.к., доцент  Тлеубаева  Б. С. және п.ғ.к.  Дильдебаева  Г. Р. студенттерді  республикалық пәндік олимпиадаға  жоғары  дәрежеде  дайындағаны  үшін  алғыс  хаттармен  марапатталды. ПИК-13-9р  тобының  студенті Нурбек  Ж. ІІІ  орын  иегері  атанды. Пәндік  олимпиаданың  нәтижесі  бойынша, «Өнер» кафедрасының  студенттері  шығармашылық  түрғыда  дамып, оқу барысында  алған  білімдерін, тәжірибелік  түрде  қолдана  алады  деп  сеніммен  айта  аламыз.

   

 


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.