Басты бет

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Мәдениет және спорт» факультетінің жеке сайты ашылғанын сіздерге қуанышпен жариялаймыз!

Шырайлы Шымкенттің көрікті жерлерінің бірі Қонаев гүлзары бойында орналасқан біздің факультетте 700-ден аса студенттер білім алады. Студенттер контингенті Қазақстан Республикасы аумағынан бөлек алыс және жақын шетелдерді қамтиды. Олардың үздіксіз  және сапалы білім алуын ғылыми дәрежелері бар 190-ға жуық профессор-оқытушылар құрамы мен 70-шақты оқу көмекші персоналдар атқарады.

Факультет шығармашылық, педагогикалық және әлеуметтік салада 16 мамандық бойынша бакалавр дәрежесі бойынша мамандықтар даярлайды. Бұл мамандықтар бойынша өндірістік және ғылыми-педагогикалық бағыттарда 8 мамандық бойынша магистратурада білімін одан ары жоғарылатуға болады.

Болон процесінің міндетті параметрінің бірі ретінде студенттерге академиялық ұтқырлық тұрғысынан республика оқу орындары арасында, алыс-жақын шетел оқу орындарында халықаралық стажировкадан өту қарастырылған.

Ғылыми-ізденіс үйірмелері, шығармашылық студиялар, көнілді тапқырлар клубтары, Думан студенттік-жастар театры, спорттық үйірмелер студенттердің сабақтар бос уақыттарын маңызды өткізуге септігін тигізеді.

Студенттерге әлеуметтік жағдай барынша жасалған. Соңғы үлгідегі кітапхана, электронды оқу залы, ресурсты орталық, тегін интернет, акт залы, спорт залы, көркем-сурет галереясы, дәрігерлік кабинет, асхана, оқу ғимаратына жақын орналасқан 5 қабатты жатақхана міне осылардың барлығы студенттерге алаңсыз білім алуға жағдай жасайды.

Факультет студенттерге қосымша білім беру үшін алыс-жақын шетелдер жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырып тұрады.

Студенттеріміз көптеген халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Оқу-ғылыми өндірістік кешен ретінде факультет көптеген өндірістік орындары, білім ордалары, мәдениет-өнер орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан.

Бітірушілеріміз түгелге жуық білім беру, мәдениет және әлеуметтік салаларда жемісті еңбек етіп жүр. Таланттары,  білімдері мен елге танылып, басшылық қызмет атқарып жүргендері де қаншама.

Құрметті достар, талапкерлер! Факультет өмірі  және мамандықтарымен жете танысу үшін осы ашылған сайт ойларыңыздан шығар деп айлаймыз. Өз пікірлеріңізді, айтар ойларыңызды көкейде жүрген сұрақтарыңызды бүкпесіз, ашық түрде саитқа ұсынуларыңызды сұраймыз. Біз өз тарапымыздан ашық барынша толық мағынада жауап беруге тырысамыз. Біздің парақшамызға қош келдіңіздер деген ізгі ниетпен: 

«Мәдениет және спорт» факультетінің деканы,

 

   п.ғ.д., профессор,

Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі,

ҚР ЖОО-ың Үздік оқытушысы, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі 

Тәңірбергенов Медеубек  Жұматайұлы 


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.