Өнер
- Парақтар kz
- Қаралды: 4504
Өнер бакалавры
Дайындық бағыты: В028 – Хореография В027 – Театр өнері
6В02130– Хореография 6В02120-Режиссура
5B040900 – Хореография 5В040600-Режиссура
Магистратура (өнертану ғылымдарының магистірі)
Дайындық бағыты: 7031-Хореография
7М02103- Хореография
1985 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Мәдени ағарту жұмыстарының теориясы мен тарихы» кафедрасына Қазақстан бойынша алғаш рет «Хореография» мамандығына талапкерлер қабылданды.
1989 жылдың қараша айында мамандық өз алдына кафедра болып институт бөлімінің біріне айналды. Алғашқы меңгерушісі қызметіне кафедраның негізін қалаушы, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мәдениет қайраткері және білім үздігі Сералы Шабаевич Тлеубаев тағайындалды.
2000-2003 жылдары кафедраны п.ғ.к., аға оқытушы Ажибекова З. Б. меңгерді.
2003 жылдан бастап кафедраның меңгерушісі қызметін «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2010», «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері, п.ғ.к., доцент Тлеубаева Балжан Сейдраманқызы атқаруда.
Кафедра 6В02120- «Режиссура» біліктілігі: «Театр және кино режиссер-актері».
6В02130 - «Хореография» өнер бакалавры.
Сондай-ақ 2017 жылдан бастап 7М02103-"Хореография" білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға 1, 1,5 және 2 жылдық оқуға бейінді және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша қабылдау жүргізіледі. Оқуды бітіргеннен кейін өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.
2015 жылы "Хореография" кафедрасы өзінің 30 жылдығын атап өтті. Мерейтой құрметіне кафедра "Қазіргі заманның өзекті мәселелері: мәдениет, тарих, идеология" тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы мен "Әлем халықтарының билері" халықаралық фестивалін өткізді. Оған біздің республикамыздың барлық өңірлері мен Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан Республикаларынан 20-дан астам би ансамблдері қатысты. Осы фестиваль аясында отандық және шетелдік хореографияның жетекші мамандарының шеберлік сыныптары өткізілді. Фестиваль соңы "Хореография" кафедрасының 30 жылдығына арналған гала-концертке ұласты. Гала-концертке кафедраның "Қаракөз" студенттік би ансамблі, "Әлем халықтарының билері" фестивалінің лауреаттары, сондай-ақ әр жылдың түлектері қатысты.
Көп жылдық шығармашылық жұмысымен кафедра білікті мамандарды дайарлауда, олар бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар біздің елден тыс жерлерде де жұмыс істейді. Біздің кафедраның түлектері би өнерін дәріптеуде және республиканың барлық облыстарында, жақын және алыс шетелдерде хореографиялық ансамбльдердің жетекшілері мен балетмейстерлері, педагог-хореографтар, мемлекеттік би ансамбльдерінің әртістері, би өнерінің менеджерлері мен продюсерлері ретінде еңбек етуде.
Облыстық опера және балет театрының ашылуы сияқты ОҚО мәдени өмірі үшін маңызды оқиғадағы біздің кафедраның рөлі ерекше. Онда кафедра П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегин" және Д. Вердидің "Травиата" операларына қатысып, театрдың қалыптасуына өз үлесін қосты.
Кафедра студенттері жыл сайын республикалық пәндік олимпиадаға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Білім алушылар СҒЗЖ-ға белсенді қатысады. СҒЗЖ-дағы жетістіктері үшін бірқатар студенттер республикалық конкурстарда дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
«Өнер» кафедрасы 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік кафедрасы" номинациясын жеңіп алды.
«Өнер» кафедрасының білім беру бағдарламалары «Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары-2018» рейтингінде І орын алды. "5В040900 - Хореография" және "5В040600 - Режиссура".
"Өнер" кафедрасының студенттері "Академиялық ұтқырлық" бағдарламасы бойынша Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер институтында, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық өнер университетінде оқыды.
2019 жылдың сәуір айында кафедра "Қаракөз" би ансамблінің 30 жылдығына, "Халықаралық би күні" және "Жастар жылына" орай II Халықаралық "Әлем халықтарының билері" би байқауын өткізді. Байқауға Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, Көкшетау, Қарағанды, Түркістан, Тараз, Ақтөбе, Алматы қалаларынан 65-тен астам би ансамблдері (6 жастан 25 жасқа дейін) қатысты.
Шығармашылық байланыстар
Кафедрадағы ОПҚ балетмейстерлік шеберлігін және студенттердің орындаушылық шеберлігінің біліктілігін жоғарылату мақсатында кафедраға Өзбекстан Республикасының халық әртісі, мемлекеттік «Узбекистан» би ансамбілінің бас балетмейстері Муминов К.Т. шақырылды.
Хореография кафедрасына Т.Жургенов атындағы Қазақстан ұлттық өнер академиясы әдістемелік көмек көрсетті. Хореография факультетінің деканы, доцент Андосов К.Н., ҚР еңбек сіңірген әртістері Гончарова Н.Л. Асылгазинов Е.А. мастер-класс өткізсе, модерн-биінен мастер-класты біздің түлегіміз Эрика Цимбровская (Израйл) өткізді.
ОПҚ-ның педагогикалық, балетмейстерлік шеберліктерін және студенттердің орындаушылық қабілеттерін шыңдау мақсатында кафедраға шақырылған шеберлер:
-ҚР Еңбек сіңірген әртіс, өнертану кандидаты, Қазақ Ұлттық хореография академиясының профессооры Тойған Ізім және Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Өзбекстанның Жоғарғы хореография мектептерін жетекші оқытушысы Ектибор Норова;
- педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры Айгүл Кеңесқызы Күлбекова;
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Хореография кафедрасының меңгерушісі, доцент Гульбану Илюбаевна Мурзабаева;
- өнертану кандидаты, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры, балетмейстер факультетінің деканы Гүлнар Юсупқызы Саитова;
-Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талант Жамбылұлы Қылышбаев.
Білімнің тұжырымдамасы
- Хореографиялық өнерді оқытуда, оқытушылардан өнер түрлерінің - кескіндеме, музыка, мүсін, архитектура, сахналық костюмдер және т.б. әртүрлі өнер саласы мен жанрларынан кең көлемде білім алуын талап етеді. Күнделікті жаңартылып отыратын бидің формасы және стилі классикалық би дәстүрінің басты талаптарымен сәйкес келеді. Сондықтан өнердің барлық түрін меңгеру үшін, біркелкі жаңашылдық және дәстүрді кең көлемде хореографиялық білім үйретудегі диапазондық түрде қалыптастыру. Сол пікір бойынша ақпараттық білімді айырбастау, педагогикалық және психологиялық шығармаларды, арнайы пәндердің тіркесінің пән аралық байланысқа үлкен мағына береді.
Болашақ хореография оқытушылары шетел тілін мүмкіндігінше білу қажет (бидің тілі бәріне түсінікті болғанымен). Біздің білім беру тұжырымдамамызда тағы бірнеше маңызды қағидаттар бар: дараландыру және оқытуға жеке көзқарас, жеке құрылымдардың өзара толықтырылу принципі, оқытудағы көрнекілік пен бейнелеу принципі, оқытудың ауызша және вербальды емес компоненттерін біріктіру принципі, білім берудің үздіксіздігі принципі, оқудағы жүйелілік принципі.
Барлық осы қағидаттар оқытуда іс жүзінде іске асырылған, кафедра меңгерушісі Б.С.Тлеубаеваның іргелі монографиясында әдіснамалық тұрғыдан жинақталған және теориялық негізделген.
2. Режиссерлік өнерге оқыту педагогтың әр сала мен өнер жанрларында кең білімді болуын талап етеді.
Білім беру бағдарламалары қазіргі жағдайда мамандықты игеру үшін қажет теория мен практиканың арақатынасына негізделген. Мұқият құрастырылған кестеде дәрістер, курстар, практикалық сабақтар және тікелей режиссура процесі бар.
Оқудың алғашқы күндерінен бастап студенттер түрлі практикалық жұмыстарға — сценарий құрудан бастап драмалық шығарма мен жаппай шоу-бағдарламалар жасауға дейін қатысады. Мамандықтың оқытушылар құрамы университеттің "кейіпкерлері": режиссерлар, сценаристер, продюсерлер, операторлар, дыбыс инженерлері, қоюшы суретшілер, теледидар форматтарын жасаушылар.
Сондай-ақ пәнаралық байланыстар, оқу ақпараттарымен алмасу, арнайы пәндерді педагогика және шығармашылық психологиясымен үйлестіру принципіне үлкен мән беріледі.
Қарым-қатынас мәдениеті, шет тілдерін білуден басқа, қарым-қатынас дағдыларын дамытуды, тұлға психологиясын және тұлғааралық қатынастарды білуді, осы білімді байланыс тренингі және сезімтал мәдениетті тәрбиелеу бойынша практикалық сабақтарда"өңдеуді"қамтиды.
Кафедраның шығармашылық өмірі.
«Қаракөз» би ансамблі
Хореография кафедрасында 1989 жылдан бастап студенттер мен жас оқытушылар құрамынан тұратын «Қаракөз» би ансамблі құралған. Ансамбльдің репертуарында әр ұлттың халық билері, еркін классикалық, қазіргі заман биі және спорттық-бал билері көркемделген. Бүгінде ансамбль университет пен кафедраның шығармашылық өмірінен ерекше орын алады.
Бірқатар беделді республикалық және халықаралық шығармашыл жастар фестивальдерінің лауреаттары, номинанттары мен жүлдегерлері, түрлі байқаулар мен мерекелердің тұрақты қатысушылары, Түркістан қаласындағы Дүниежүзілік Құрылтай қатысушылары, "Қаракөз" би ансамблінің мүшелері университетіміздің жылнамасына ең жарқын жолдарды жазып, әрі жалғастыруда.
Қазақстандағы Ресей елшілігінің шақыруымен «Қаракөз» би ансамблі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада концерттік бағдарламамен Мәскеуге барды. Мәскеулік көрермендерге біздің студенттердің өнерлері ұнағаны соншалық, ансамбль ұжымы келесі жылы Наурыз мейрамын тойлауға елшіліктен тағы шақырылды. Концерттер Мәскеудегі Музыка үйінің камералық залында және Мәскеу облысының Зеленоград қаласындағы Мәдениет сарайында ұйымдастырылды.
«Қаракөз» би ансамблі келесі жүлделі орындарға ие болды:
-I Республикалық Шара Жиенқұлова атындағы қазақ би байқауының дипломанты;
-Турциядағы түркітілдес халықтардың І Халықаралық фестивалінің лауреаты/Ялова қ/;
-I-Республикалық «Жас толқын» студент жастар фестивалінің лауреаты;
-II-Республикалық Шара Жиенқұлова атындағы қазақ би байқауының лауреаты;
-I және IV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты;
-Шара Жиенқұлованың 100 жылдық мерей тойына арналған IV Республикалық қазақ биі конкурсында 1 және 2 дәрежелі лауреат атағын иеленді.
2012 жылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында би өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Таңшолпан» хореографиялық би байқауына қатысып І орынды иеленді.
2013 жылы Республикалық «Бұраң бел» би байқауына жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін 14 би ұжымының ішінен 2-ші орынмен марапатталды.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2014 жылы 25 сәуір күні Халықаралық Би күніне және Қазақстан Республикасының спорттық-бал биінен 2 дүркін чемпионы Шағырбаев Қайратты еске алуға арналған қалалық мектептер арасында «Хореография» кафедрасының ұжымы мен студенттері ұйымдастырған байқау өткізілді. Байқауға 12 қалалық мектептер мен 3 би студиялары қатысты. Ансамблдік орындауда 10-11-сынып оқушылары белсенділік танытты, жеңімпаздар орындармен, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Марапаттаулардан кейін көрермендерге байқау жеңімпаздарының, «Хореография» мамандығы 1-4-курс студенттерінің, «Қаракөз» би ансамблінің және Қайрат Шағырбаев би үйренген «Седьмой континент» спорттық-бал биі ансамблінің қатысуымен Гала-концерт өткізілді.
Республикалық "XII Ұлттық Дельфий ойындары" байқауында "Қаракөз" би ансамблі, жетекшісі п.ғ.к., доцент Б.С.Тлеубаева, репетитор А.А.Турдиева Халық биі номинациясында бас жүлдені алды (диплом, алтын медаль).Степногорск қ. 2016ж.
«Қаракөз» би ансамблінің солисті Сәрсенбек М.ПИК-14-9р 3 курс студенті ОҚМУ-да "Жыл Студенті-2016" байқауында Үздік биші номинациясын алды. Нұрсұлу Топаловаға арналған "Бидің нұры Нұрсұлу" республикалық байқауында балетмейстерлер Б.С. Тілеубаева, А.А.Турдиева Ақтөбе қаласы бойынша ІІ орын иеленді.
2016 жылдың 25 қарашасынан 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін "Қаракөз" би ансамблі Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласындағы Шейх Зайд және Сұлтан Әл-Нахаян атындағы "Мәдени мұра" фестиваліне қатысты. Тілеубаева Б.С., Ділдебаева Г.Р, Мырзаев С.А. және "Қаракөз" би ансамблінің қатысушылары - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ҚР БАӘ-дегі елшілігі өткізген концертте өнер көрсетті (алғыс хаттар табыс етілді), сондай-ақ ансамбль 2016 жылғы 2 желтоқсанда Дубайда БАӘ мемлекетінің құрылған күніне арналған концертке қатысты.
Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Дәстүрлі өнер" фестивалінің қатысушысы "Қаракөз" би ансамблі III орынды иеленді.
2017 жылы "Қаракөз" және "Жастар" би ансамблі Түркістан қаласының "Бұраң бел" халықаралық фестиваліне қатысып, ІІ орын иегері атанды.
"Хореография" 4 курс студенті Сәрсенбек Маржан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рухани жаңаруы аясында өткен "Ұлы дала дарыны" халықаралық өнер және білім байқауының "алтын жүлдесіне" ие болды. Сондай-ақ, жарысқа қосқан ерекше үлесі үшін "Үркер" шығармашылық орталығының жетекшілері мен балетмейстерлері, кафедра меңгерушісі Б.С.Тілеубаева мен А.А.Турдиева алғыс хаттармен марапатталды.
2017 жылы БАӘ-нің Дубай қаласында Білім күнінің 46 жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара "Мәдениет карнавалы" деген атпен өтті. Карнавалға 15-тен астам елдің өкілдері қатысты. Бұл шараға "Қаракөз"би ансамблі шақырылды.
2018 жылы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Бұраң бел" би фестивалін өткізді. "Қаракөз" би ансамблі арнайы диплом алды.
2019 жылдың сәуір айында "Өнер" кафедрасының "Қаракөз" би ансамблі Қызылорда облыстық филармониясы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ұйымдастырған "Ақ кербез" республикалық би фестиваліне қатысты.
2019 жылдың 16-18 мамыр аралығында Тараз мемлекеттік университетінде "Студенттік көктем-2019" облыстық конкурс-фестивалінде. М. Х. Дулати "Қаракөз" би ансамблі 2 дәрежелі лауреат атанды.
2019 жылдың маусымында ансамбль Мәскеу қ. VIII-халықаралық хореографиялық "Вдохновение" онлайн - конкурсында 1-орын алды.
2020 жылдың қыркүйегінде әлемдегі ең беделді университеттердің бірі, Аризона мемлекеттік университетінің өкілдері, университетке арнайы сапар жасады. М. Әуезов. Қонақтар университеттің Студенттер үйінде студенттердің өмірімен танысты. Осы кездесуде "Қаракөз"би ансамблі өнер көрсетіп, қонақтарды қарсы алды.
2021 жылдың сәуір айында Түркістан қаласында Тұңғыш Президент пен премьер-Министрдің "Керуен-сарай" ірі туристік кешенінің ашылуына келу ресми-сапарында "Қаракөз"би ансамблі өнер көрсетті.
2021 жылдың 15 мамырында "Қаракөз" би ансамблі қазақ-түрік университетінде өнер көрсетті. Қ.А.Ясауи "ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына" арналған XI жазғы Универсиаданың ашылуы, Түркістан қ.
2021 жылдың маусым айында "Jas Daryn" халықаралық байқау-фестивалінде "Қаракөз" би ансамблі Бас жүлдені жеңіп алды.
Студенттік өмір
2010 жылдың наурыз айында ССР халық әртісі, Қазақ мемелекетінің лауреаты, өнертану профессоры, мемлекеттік академиялық би театрының жетекшісі Болат Аюхановпен кафедра студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі және «Наз» мемлекеттік би театры әртістерімен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды.
2017ж. 31 қазан мен 3 қараша аралығында Сочи мемлекеттік университетінің базасында "Ресейдің жастар және балалар бірлестіктерінің ұлттық кеңесі" қоғамдық бірлестіктер қауымдастығының, жастар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің қолдауымен II Ресей-Қазақстан жастар форумына "Қаракөз" би ансамблі қатысты.
2017 жылы Қазақстан астанасында 100 – ден астам мемлекет пен әлемнің ірі корпорацияларын біріктіретін өндірістің, технологияның, мәдениеттің, білімнің, ғылымның түрлі салаларындағы әлемдік жетістіктердің аса ірі байқауы-дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өтті. Баламалы энергия көздерінің өзекті тақырыбына арналған "Экспо 2017" көрмесіне біздің студенттер де жоғары мақтанышпен қатысты.
2018 жылы университетіміздің 75 жылдығына «Хореография» кафедрасының негізін салушы философия ғылымдарының докторы, доцент Тлеубаев Сералы Шабаевич студенттермен репитиция жүргізіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті және кафедра мен университеттің тарихы жайлы айтып өтті. «Хореография» кафедрасының студенттері осы кафедраның негізін салушы тұлғамен кездесуде көптеген сұрақтар қойып, онымен әңгімелескендеріне өте қуанышты болды.
"Өнер" кафедрасының дәстүрлі салтанатты мерекесі "Студенттерге арнау" болды, бұрын ол "хореографтарға арнау" деп аталатын. 1-курс студенттері өз шеберліктерін көрсетіп, сынақтан өтіп, салтанатты түрде дәстүрлі ант береді. Жоғары курс студенттері оларға символдық сыйлықтар береді.
Практикадан өту
«Өнер» кафедрасы оқу-ғылыми-өндірістік кешенін құру бойынша көптеген мекемелермен келісім шартқа отырған. Бұл жерде ОҒӨК – оқу, ғылыми-өндірістік кешені. Университеттің және базалық мекеменің (ұйым, мекеме, өндіріс саласы) ОҒӨК болашақ мамандар дярлауда бірлесіп атқарар жұмыстарды үйлестіру үшін құрылады. Білім, ғылым және өндіріс орнының интеграиялануы формасы болып табылатын бұл одақ оқытушылар мен мекеме қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыруға, ғылыми зерттеулерді апробациялау және пайдалануға, оқу және оқу-ғылыми жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында өте тиімді.
Оқытушылар құрамының біліктілігін жоғарылату мақсатында ОҒӨК базаларында сабақ жүргізу бойынша оқу бағдарламалары кафедрада жасалған, кәсіптік пәндерден сабақ жүргізу бойынша ОҒӨК-мен байланыс орнатылған. Кафедра студенттері ОҒӨК базаларында оқу, педагогикалық және дипломалды іс-тәжірибелерін өтеді.
ОҒӨК бойынша оқытушылар құрамының біліктлігін жоғарылату мақсатында кафедрада оқу бағдарламалары жасалынған. Салалық пәндер бойынша өзара қарым-қатынас жүзеге асырылған. ОҒӨК базаларында кафедра студенттері оқу, педагогикалық және диплом алдындағы іс-тәжірибелерден өтеді. Кәсіби тәжірибе жоғары білімнің оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Іс-тәжірибелер оқу, педагогикалық және диплом алдындағы болып үшке бөлінеді.
Студенттер үшін оқу іс-тәжірибесі алынған теориялық және тәжірибелік білімдерді жүзеге асырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады және хореографиялық ұжымның тынысымен, ондағы ұйымдастырушылық, басқарушылық жұмыстармен танысуға мүмкіндік береді.
Педагогикалық іс-тәжірибе хореографиялық пәндерді оқытудың тәжірибелік дағдыларын үйренуіне негіз болады және студенттердің педагогикалық қызметке жауаптылығын арттырады, кәсібилігін шыңдайды, өз жұмысына шығармашылық көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастырады.
Диплом алдындағы тәжірибеден өту кезінде студенттердің «Классикалық, халықтық-сахналық, спорттық, балдық, тарихи-тұрмыстық, заманауи билерді оқыту әдістемесі», «Хореография ұжымымен педагогикалық жұмыс», «Хореография ұжымымен ұйымдастыру- шығармашылық жұмыстар» және т.б. курсын оқу бойынша шеберліктері мен дағдылары, білімдері бекітіліп, тексеріледі.
Кәсіби ортада студенттер ең алдымен қойылым жұмысын ұйымдастыру әдістемесін меңгереді. Кафедраның жетекші оқытушылары кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша практика бағдарламаларын, оқу-әдістемелік ұсынымдарды әзірледі.
Студенттер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тәжірибеден өтті.
- Астана қаласының Жастар театры;
- М. Әуезов атындағы Алматы мемлекеттік академиялық драма театры;
- Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ академиялық драма театры;
- Арыс қаласының Мәдениет үйі;
- "Шымкент цирк";
- облыстық сатира және әзіл театры;
- Қалалық Өзбек драма театры;
- Қалалық Орыс драма театры;
- "Кино ART" жастар шығармашылығы орталығы";
- "Фараб" ансамблі Түркістан сарайы;
- № 9 көркем гимнастика Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі;
- "Дуэт" би клубы;
- "7 континент" БСО;
Біздің түлектеріміз
Біздің бітірушілеріміздің көбі өз мамандығының шебері болып табылып жүр, біразы Қазақстан Республикасының бірегейлі атақтарына ие болып, ғылыми тұрғыда және көркемдік іс-шараларда биіктен көрініп жүр.
Біздің мамандар осы күнге дейін ҚР-ның түпкір-түпкірінде мәдени ағарту жұмыстарын жүргізіп отырғаны, бізге келген пікірлерден байқалады. Сонымен қатар, мамандардың биік кәсіби деңгейі белгіленіп жүр.
Біздің көп бітірушілеріміз би ұжымдарының жетекшісі, би өнерінің оқытушысы ретінде Қазақстан Респубикасында және шет елдерінде қызмет етуде.
АҚШ- Наталья Ужвак
Греция- Р. Чалукиди, О. Ткаченко
Германия- Ф. Гофф, Т. Акст, Н. Вольф
Араб елінде - М. Бижанова, Ж. Абуова.
Ресейде - Р. Медетова, В. Нарежная, Д. Пак, И. Байда, М. Цыбулько, Е.
Колотченкова, А. Кныш, Н. Ким, Е. Носкова.
Біздің бітірушілеріміздің ішіндегі мақтаныштарымыз Қазақстан елінде лауазымды қызметтерін атқаруда:
Қарлығаш Айтқалиева – Өтемісов атындағы БҚМУ-нің кафедра меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты.
Гульнар Мамбетова – Актобе облыстық филармониясының «Аққу» би ансамблінің көркемдік жетекшісі.
Абдрасул Есекеев – Нұр-Сұлтан облыстық филармониясының «Шалқыма» би ансамблінің көркемдік жетекшісі.
Зауре Ажибекова – ҚР Еңбек сіңірген қайраткер, Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының «Қазына» би ансамблінің көркемдік жетекшісі, педогогика ғылымдарының кандитаты.
Урляим Анаркулова – Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің өнер кафедрасының меңгерушісі.
Гүлбану Мырзабаева - доцент, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Хореография кафедрасының меңгерушісі.
Жанна Орынбасарова - танымал қазақстандық эстрада, джаз әншісі.
Руслан Салпағаров - белгілі іс-шара ұйымдастырушысы, актер, жүргізуші.
Тәукеев Қуат - Ш. Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармония, "Яссы" би ансамблінің көркемдік жетекшісі.
Тимур Қожахметов – Өскемен қаласының «Алтай» би ансамбілінің жетекшісі.
28.10.2019 жылы «Өнер» кафедрасы 1 курс студенттерін студенттер қатарына салтанатты түрде қабылдау кешін өткізді. Жыл сайын өткізілетін кеште барлық курс студенттері бірлесіп өз өнерлерін көрсетіп, 1 курс студенттеріне сыйлықтарын ұсынды. 1 курс студенттері студенттік ант қабылдады.
- жылы Әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі - Аризона мемлекеттік университетінің өкілдері М.Әуезов атындағы ОҚУ-да арнайы қонақта болды. Қонақтар университеттің Студенттер уйінде студенттердің тұрмыс - тіршілігімен танысу мақсатында кездесті. Бұл кездесуде М.Әуезов атындағы ОҚУ университетінің “Қаракөз” би ансамблі өз өнерін көрсетіп қонақтарды қарсы алды. Жетекшісі: Тлеубаева Б.С.,Турдиева А.А.,Мырзаев С.А
17.09.2020 жылы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің Ұжымымен кездесті. Бұл кездесуде М.Әуезов атындағы ОҚУ университетінің “Қаракөз” би ансамблі өнерін көрсетіп өз үлесін қосты. Жетекшісі: Тлеубаева Б.С.,Турдиева А.А.,Мырзаев С.А.
2020 жылдың 17-ші қазан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті “Nur Otan“ партиясының ауыспалы кубогіне арналған XVIII Республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шарада М.Әуезов атындағы ОҚУ университетінің “ Қаракөз” би ансамблі өнерін көрсетіп, оз үлесін қосты. Жетекшісі: Тлеубаева Б.С.,Турдиева А.А.,Мырзаев С.А.
12.03.2021 ж. 6В02130- "Хореография", 5В040900- "Хореография" мамандығының студенттері және жетекші п.ғ.к., доцент Тлеубаева Б.С., аға оқытушылар, магистрлер Мырзаев С.А., Турдиева А.А. Қазақ ұлттық хореография академиясында өткен Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. «Классикалық би, халық-сахналық би, қазақ би» пәні бойынша ІІІ орын дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
15.12.2020 жылы «Қаракөз» би ансамблі Тәуелсіздік күніне орай іс-шараға қатысты. Жетекшісі: Тлеубаева Б.С.,Турдиева А.А.,Мырзаев С.А.
2021 жылы 9-10 сәуірде Тұңғыш Президент пен Премьер-Министрдің кездесуі салтанатының ашылу рәсімін ұйымдастыру. Түркістан «Керуен-Сарай» ірі туристік кешенінің ашылу салтанатында «Қаракөз» би ансамблі өнер көрсетіп,іс- шараға өз үлесін қосты. Жетекшісі: Тлеубаева Б.С.,Турдиева А.А.,Мырзаев С.А.
13-15.05.2021 ж. Қ.А Ясауи атындағы Қазақ түрік университетінде «Қаракөз» би ансамблінің ашылуы. ХІ жазғы Универсиаданың «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы». Түркістан қаласы. Жетекшісі: Тлеубаева Б.С.,Турдиева А.А.,Мырзаев С.А.
Дайындық бағыты: В027-Театр өнері
6В02120–Режиссура
5В040600-Режиссура
2004 жылдан бастап «Режиссура» және «Актерлік өнер» мамандығына студенттер қабылдана бастады. 2008 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының бұйрығымен «Режиссура және актерлік өнер» жеке кафедра болып өз алдына бөлініп шықты. Кафедра меңгерушісі болып аға оқытушы Сапаров Иманәлі Сапарұлы тағайындалды.
2009 ж кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мухамедин Марат Мұхамедияұлы басқарды.
2012 жылы кафедраны Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты Қашағанова Тұрсынхан Үсенқызы басқарды.
Болашақ мамандардың жұмыс орындары:
-Театр, шығармашылық орталықтар, радио және телестудия, киностудия, мәдениет мекемелері және жоғары өнер оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары.
-Мемлекеттік және жекеменшік мәдени мекемелердегі режиссер;
-Мәдени мекемелерде басшылық және әдіскерлік қызмет;
Мамандықтың оқытушы-профессорлық құрамы халықаралық, аудандық, республикалық, ғылыми-методикалық, ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады.
Кафедраның оқытушы- режиссерлары облыстық, қалалық, университеттік көлемдегі іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді. Сонымен қатар театрландырылған көпшілік қойылымдар мен шоу-бағдарламаларда практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.
Шығармашылық байланыстары
Профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің педагогикалық режиссерлік және актерлық шеберлігін шыңдау мақсатында, кафедраға Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының академигі Туранқұлова Д.Т, А.Қадыри атындағы Ташкент мемлекеттік мәдениет институтының филология ғылымдарының кандидаты, профессор Галиев Ш.Г., Өзбекстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, Өзбекстан мемлекеттік мәдениет және өнер институтының доценті Каххаров Е.О., А.Қадыри атындағы Ташкент мемлекеттік мәдениет институтының философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ахмедов Ф.Е, шақырылды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Астана қаласы «Жастар» театрының режиссері Бекболат Болатжанұлы Құрманғожаевпен шығармашылық кездесу өтті.
07.05. 2021 ж күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Өнер» кафедрасы мен Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институты Нөкіс филиалы арасында академиялық ұтқырлықты нығайту мақсатында семинар өтті. Семинарға «Өнер» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Тлеубаева Б.С., кафедраның аға оқытушысы Е.А.Жолдасов арнайы тақырыптармен қатысты. Тлеубаева Б.С. «Студенттерді академиялық ұтқырлық барысынан өткізудегі негізгі мәселелер» тақырыбымен, ал Жолдасов Е.А. «Заманауи театр және кино өнеріндегі жастардың дұрыс қалыптасу мәселелері» тақырыбын қозғады. Сондай ақ, Нөкіс филиланың білікті мамандары, профессорлар Аяпов А.Т., Уразымбетова Л.Т., Исмаилова М. және т.б.өнер, театр және кино мәселелері бойынша баяндамалар жасады. Семинарға екі университеттің де студенттері қатысты.
Шығармашылық өмір
Болашақ кәсіби маман болуда ең басты фактор өзіндік қалыптасу қабілеті болып табылады. Студенттерді жобалық – шығармашылық қызметке үйрету, маманды үнемі туындап отыратын заманауи білім тұжырымдамасына, шығармашылық теориялық және практикалық мәселелерді шешуге бағыттау.
Жеке тұлғаның өзіндік қалыптасу теориясы адамның ішкі жан-дүниесіне көңіл бөлуді талап етеді. Сондай-ақ осы мамандықтағы оқытушылар мен студенттер оқу процесімен қатар облыс, қала және университет көлемінде мәдени көпшілік іс-шаралар мен қойылымдардың сценарийін жазып, автор - режиссері болып табылады.
- «Борьба против коррупции» - бас жүлде иегері.
- Команда КВН «Барс» КВН супер лигасының финалдық ойынына қатысып дипломмен марапатталды.
- 3. Түлкібас өңірінде республикалық деңгейде Ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді.
- Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Жеңіске жеткен адамдарға даңқ!» Театрландырылған қойылымы.
- «Желтоқан жағыры» - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған театрландырылған қойылым.
6. «Ел – ерімен даңқты» - Олимпиада чемпиондарының аллеясы ашылған күні және т.б. Студенттердің бос уақытында шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы тәрбие жұмысының басты факторы болып табылады.
2010ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Педагогика және мәдениет» факультетінің жанынан аға-оқытушы Е.А. Жолдасовтың жетекшілігімен талантты жастарға арналған «Өркен» театр-студиясы құрылды. «Өркен» театр-студиясы өз шымылдығын «Біздің жатақхананың қыздары» атты спектаклімен салтанатты түрде ашты.
2010 ж. театр ұжымдары арасында өткен «Балөнер» байқауында «Өркен» театры өнер көрсетіп, дипломант атағына ие болған болатын.
2011 жылы «Үздік режиссура» номинациясын жеңіп алды Е. Жолдасов «Дезертир» пьесасы Драматург Д.Исабековтың 75-жылдығына арналған «Құстар фестивалі» қойылымы.
2012 жылы.«Бал Өнер» балалар мен жасөспірімдер театрларының қалалық байқауына кафедраның студенттері қатысты - аға оқытушы.Сапаров И.С.және Жолдасов Е.А.«Үздік режиссура» номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды, сонымен қатар Шымкент қаласында өткен «Бал өнер» театрландырылған байқауында «Өркен» кафедрасының студенттер театры лауреат атағын алды.
Бүгінде аймақ жағынан театр-студия «Халық театры» кейіпінде. «Өркен» театр-студиясының ұжымы 30 студенттен тұрады. Олар спектакльдерде ойнап қана қоймай, сонымен қатар отандық фильмдер мен телехикаяларда ойнауға, мультфильмдердің дубляжын жасауға, сондай-ақ графикалық дизайнер, сценарист, жарық дизайнері және т.б.
«Өркен» театр-студиясының репертуары:
- «Арыстан патша» (мюзикл) И.Мегги.
- «ДАртаньян және үш ноян» (драма) А.Дюма.
- «Маугли» Р.Киппинг » (мюзикл)
- «Эсмеральда» В.Гюго (мюзикл)
- «Шатыр астындағы екеу» (комедиялық драма) автор , режиссер – Е.А.Жолдасов;
- «Микроскоп» В.Шукшин (комедия) режиссер – Е.А.Жолдасов;
- «Ғашықтар мекені» (театрландырылған қойылым) режиссерлер: Ұ.Бижанов, Е.Жолдасов
- «Өмір орманында адасқандар» (театрландырылған қойылым) режиссерлер: І.Бөлеханова, Е.Жолдасов;
- «Жұбайлар шаттығы» (театрландырылған қойылым) режиссерлер: Б.Нұрымов, Е.Жолдасов;
- «Елес» (қиял-ғажайып драма) С.Дюбэ.
- «Күнәһар» (психологиялық триллер) Н.Шьямалан
- «Матриархат» (комедия). Е.Жолдасов
- «Бақташы» (драма). Е.Жолдасов
- «Кім » (психологиялық триллер). А.Кашьяп.
- «Бажа тату болса» (комедия). Е.Жолдасов.
- «Жұлдыздар сөніп барады».(тарихи драма) Е.Жолдасов
- «Махаббат туралы аңыз» (драма), Н.Хикмет.
- «Руханият көктемі» (театрландырылған қойылым)
- «Тор ішіндегі адамдар» (драма). Е.Жолдасов
- «Адасқандар» (триллер) А.Кашьяп.
- «Тыныштық күзетшісі» (драма). Д.Исабеков
- «Жұмақтың кілті жаныңда» (драма) Е.Жолдасов
- «Дезертир» (психологиялық драма) Е.Жолдасов
2015ж. мамандықтың студенттері Ақтөбе қаласында өткен Республикалық жастар театры «Балауса-2016» фестиваліне қатысып, «Ең үздік классикалық ер образы» және «Екінші пландағы үздік актер» номинациясына ие болды.
«Өркен» студенттік театры 2018 жылдың 17 ақпанында Ж..Шанин атындағы Облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында Рудьяр Джозеф Киплингтің шығармасы негізінде «Мауглиді» қойды.
2020 жылдың 21 қарашасында 1 және 2 курс студенттері «Шымкент - ТМД-ның мәдени астанасы» іс-шарасына қатысты.
2021 жылдың 26 маусымында «Өркен» театры Түркістан қаласында өткен Халықаралық «Turkestan music festival» атты ашық байқау-фестивалінің 1-орын иегері атанды.
Студенттік өмір
2014ж. аға оқытушы Е.А.Жолдасовтың ұсынысы бойынша кафедра жанынан Республика деңгейіндегі «Кино Арт» жобасы құрылды. «Кино Арт» әуесқой кинорежиссерлар арасындағы фестиваль 2014 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. Фестиваль сценарийді сауатты жазу, арнайы талаптарды орындау және қысқаметражды фильмнің сапасын анықтау секілді 3 сұрыптау турдан тұрады. Фестивальге республикамыздың барлық қалаларының оқытушылар мен студенттер қатысады.
2020 жылдан бастап "Кино Арт" фестивалі Халықаралық болды. Фестивальге Республиканың барлық қалаларынан, сонымен қатар Өзбекстанның және Қарақалпақстанның студенттері мен оқытушылары қатысты.
«Кино-Арт» фестиваліндегі гран-при иегерлері :
-2014ж ПИК-09-8к тобының студенті Д. Турдиматов,
-2015ж. ПИК-10-8к тобының студенті Н.Адилханов,
-2016ж Пик-12-8к тобының студенті А.Әбдікариев,
-2017 ж ПИК-13-8к тобының студенті Убайдин Қазыбек
- в 2018ж-Абдиев Сабит (Шымкент)
- в 2019ж-Кошеров Бақытжан (Шымкент)
-в 2020ж.- Жармұхамедов Елжан (Тараз)
Аға оқытушы Е.А.Жолдасов оқытушылар мен студенттердің белсене қатысуымен Республикалық телерадио корпорациясының тапсырысы бойынша фильмдер мен сериалдар түсірді: «72 сағатта үйлену», «Фуга», «Әке», «Айсұлу», «Новелла», «Көкектің ұясы», «Жұмақтың кілті», «Өмірдің өзі новелла», «Зың-зың Күлпаш».
13.01.2021ж күні «Хабар» телеарнасынан «Тыныс» атты қысқаметражды фильм эфирге шықты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фильмде Шымкент оттегі өндіретін зауыт жұмысшыларының пандемия кезіндегі ерен еңбегі көрсетілген. Сценарист Б.Келібаев. Режиссер С.Балашов және «Режиссура» мамандығы 4 курс студенті Т.Шайдуллин. Сондай ақ фильмде танымал актерлармен қатар, МС-17-8к тобының студенттері Н.Үсен, Д.Мизамиден, Т.Шайдуллин, Б.Сейдалы атты студенттері өз рольдерін жақсы алып шықты.
-
Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры.
-
Облыстық мектеп олимпиада өткізу орталығы
-
«Оңтүстік цирк» мекемесі
-
Қалалық балалар және жасөспірімдер орталығы
-
«Жастар ресурс орталығы» Астана қаласы
-
«Түркістан» концерт залы
Біздің түлектер
Қазіргі таңда кафедра түлектері республикамыздың жоғарғы оқу орындарда, өнер мен мәдениет мекемелерінде жемісті еңбек етуде.
Ж.Шанин атындағы облыстық драма театры:
Есенов Ж. – дыбыс - режиссері
Шымыркулова Б. – труппа меңгерушісі
Жумагулов К. – бас суретші
Альжанова Б. – грим жасаушы.
Сағымбай Ш. – режиссер ассистенті.
Сахипова А. – актриса.
Қалалық орыс драма театры:
Шевченко Н. – облыстық орыс драма театрының директоры.
Комаров А. – театр актеры.
Пушкарев С. – театр актеры
Сондай-ақ:
Базарбаева У. –К.Джандарбеков атындағы Жетысай драма театрының әртісі
Муытова А. – Ақтөбе драма театрының әртісі.
Абдеш А. - «Жайдарман» клубының режиссері (Шымкент қ).
Серикбаев Д. – Облыстық мәдениет басқармасының бас маманы.
Тажмаков Е. – әдіскер ОЦКНТ (Шымкент қ).
Есенов Г. - Ш.Калдаяков атындағы облыстық филармонияның әншісі (Шымкент қ).
Таңатов Е. – әдіскер ОЦКНТ (Шымкент қ).
Динахов К. - Облыстық мектеп оқушыларына олимпиада өткізу орталығының режиссері Мейрбекова М. - «Казахстан – Шымкент» телеканалының фонотекасының меңгерушісі.
Сейталиева А. – Жетысай мәдениет басқармасының әдіскері.
Баймаханова Л. - Ордабасы РДК режиссері.
Данилова Л. - орыс драма театрының әртісі
Корняков С. ТК «Отырар» «7-канал» журналисті
Тулепбергенова Д. ТК «КТК» журналисті
Амиртаев А. Республикалық «Жас Ұлан» ББЖҰ ҚБ ОҚОФ төрағасы
Абдумаликов Р – Астана «Жастар» театрының режиссер-ассистенті.
Ақшора Ж. - «Шаншар» театрының көркемдік жетекшісі.
Ерпатша Б – Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрның режиссері.
13.01.2021ж күні «Хабар» телеарнасынан «Тыныс» атты қысқаметражды фильм эфирге шықты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фильмде Шымкент оттегі өндіретін зауыт жұмысшыларының пандемия кезіндегі ерен еңбегі көрсетілген. Сценарист Б.Келібаев. Режиссер С.Балашов және «Режиссура» мамандығы 4 курс студенті Т.Шайдуллин. Сондай ақ фильмде танымал актерлармен қатар, МС-17-8к тобының студенттері Н.Үсен, Д.Мизамиден, Т.Шайдуллин, Б.Сейдалы атты студенттері өз рольдерін жақсы алып шықты.
«Қазақстан 2020 болашаққа жол» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында өткен «Жылдың үздік студенті» атты республикалық байқауға «Режиссура» мамандығы 3 курс МС-18-8к тобының студенті Тілекенов Жеңіс Өтепбергенұлы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Шымкент – 2200 жылдық тарихы бар көне шаһар. Осынау тарихи қаламыздың ТМД елдерінің мәдени астанасы атануы біз үшін үлкен мәртебе. Сонымен бірге, UNESCO биыл қаламыздың тарихы кемінде 2200 жылдан сыр шертетінін ресми мәлімдеді.
21.11.2020 ж күні аталмыш мерекеге сай Шымкент қаласында өткен шеруге М.Әуезов атындаңғы ОҚУ «Режиссура» мамандығының 1,2 курс студенттері қатысып, өздерінің шығармашылық дарындарын байқатты.
07.05. 2021 ж күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Өнер» кафедрасы мен Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институты Нүкіс филиалы арасында академиялық ұтқырлықты нығайту мақсатында семинар өтті. Семинарға «Өнер» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Тлеубаева Б.С., кафедраның аға оқытушысы Е.А.Жолдасов арнайы тақырыптармен қатысты. Тлеубаева Б.С. «Студенттерді академиялық ұтқырлық барысынан өткізудегі негізгі мәселелер» тақырыбымен, ал Жолдасов Е.А. «Заманауи театр және кино өнеріндегі жастардың дұрыс қалыптасу мәселелері» тақырыбын қозғады. Сондай ақ, Нүкүс филиланың білікті мамандары, профессорлар Аяпов А.Т., Уразымбетова Л.Т., Исмаилова М. және т.б.өнер, театр және кино мәселелері бойынша баяндамалар жасады. Семинарға екі университеттің де студенттері қатысты.
10. 21.05.2021ж. сағат: 16.00 Өзбекстан мемлекеттік мәдениет және өнер институты Нүкүс филиалының «Режиссура және актерлік өнер» және өнер кафедрасының студенттеріне аға оқытушы Е.А.Жолдасов Нүкүс филиалының студенттеріне «Режиссура» пәні бойынша «Композициялық құрылым» тақырыбында дәріс берді. (Онлайн) .