"Мәдени және әлеуметтік" жұмыс

Кафедра меңгерушісі

Кадыралиева Алтынай Мустафаевна                

PhD доктор, аға оқытушы

 

 

 

 

Мекен-жайы:М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Тәжібаев көшесі 2, №8 ғимарат bkru

Телефон: 8 (7252) 36-71-93

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

►Профессор-оқытушылар құрамы

 ►2020-2021 жылдық есеп

 ►2021-2022 жылдық есеп

 2022-2023 жылдық есеп

Жалпы мәлімет

   Кафедра жоғары білікті мәдени-шығармашылық қызметі мамандарын кәсіби даярлау үшін 1967 жылы құрылды.    

Кафедраның гуманитарлық ұстанымы- отандық мәдениет дәстүрлерін және рухани құндылықтарын сақтау.

Ұраны: «Зерттей үйрен.Үйрене зертте».

6В11120, 5В090600- «Мәдени-тынығу жұмысы» бакалавриаты бағдарламасы бойынша мәдениет және өнер білім беру ошақтары, бұқаралық ақпарат құралдары саласына  мамандар даярланады. Олардың кәсіби міндеті тұрғындар демалысын ұйымдастыру, мәдени-тынығу жұмысының ақпараттық-мәдени,  эстетикалық,  идеологиялық  бағыттағы  жоғары көркемдік формаларын   құру  болып  табылады.

Бакалавриат бағдарламасын игерген түлектердің кәсіби қызметінің нысандары:

- мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың, мәдени-тынығу саласындағы қоғамдық бірлестіктердің басқару жүйелері;

- мәдени-тынығу, рекреациялық нысандар мен тынығуы индустриясының менеджмент және маркетинг үдерістері;

- мәдени мекемелер мен ұйымдардың шығармашылық және өндірістік қызметінің үдерістері;

- мәдени мекемелердің көркемдік басқару үдерістері;

- көркем түрлеріндегі мәнерлілік құралдарды қолдана отырып, мәдени-тынығу бағдарламалары мен әлеуметтік-мәдени жобаларды құру және продюсирлеу үрдістері;

- әлеуметтік-мәдени шығармашылық және мәдени-ағартушылық қызмет технологиялары;

- әлеуметтік-мәдени анимация және рекреация технологиясы; мәдени және өнер құралдарын пайдалану арқылы әлеуметтік оңалту технологиялары;

- балалар-жасөспірімдердің бос уақытын, балалар, жасөспірімдер және жастармен жаппай мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруды педагогикалық қолдау үдерістері;

- ересек тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру, бұқаралық мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу үдерістері;

- жалпы білім беру, орта кәсіптік білім, балалар мен ересектерге қосымша білім беру және қосымша кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу үдерісі.

Білім беру бағдарламасының түлегі «Қызмет көрсету саласындағы бакалавр» дәрежесіне ие болады, ол келесі қызметтерді атқара алады:

Мәдениет және өнер саласындағы салалық біліктілік шеңбері (25 тамыз 2016 ж., №3 хаттамасы) сәйкес:

- клуб меңгерушісі;

- бөлім меңгерушісі.

«Білім беру» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (27 қараша 2019 ж., №3 хаттамасы) сәйкес:

- қосымша білім беру оқытушысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамасындағы біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талаптар қойылмастан бастапқы қызметтер атқара алады.

1998 жылдан бастап «Мәдени-тынығу қызметі» кафедрасының оқытушылары авторлық ұжым ретінде Мемлекеттік білім беру стандарты, типтік жоспарлар мен «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және PhD докторантураға үлгі бағдарламалар дайындайды, бұл құжаттарды осы сала бойынша мамандар даярлайтын Қазақстан республикасы бойынша барлық ЖОО –дары пайдаланады.

Оқытылатын пәндер қатарында: мәдени-тынығу жұмысының тарихы мен теориясы, көркемөнер шығармашылығы, имиджелогия, ойын–сауық бағдарламаларын ұйымдастыру, сахна қозғалысы негіздері, мәдени-тынығу  шараларын  безендіру, сөйлеу техникасы,  актер шеберлігінің техникасы, көпшілік мерекелер және қойылымдар драматургиясы және т.б.

Білім  беру  бағдарламалары  жыл  сайын  жұмыс  берушілердің   ұсынысымен  жаңартылып  отырады,  яғни уақыт   талабына сай  жаңа  пәндер  енгізіледі.  Мәселен, 2019-2020  оқу  жылынан бастап «Заманауи  медиа  мәдениет», «Материалдық емес  мәдениет тарихы-1», «Материалдық емес  мәдениет  тарихы-2», «Дара және әлеуметтік жетістік мәдениеті І», «Дара және әлеуметтік жетістік мәдениеті ІІ».

2003 жылдан бастап 7М11120 – «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша магистратура ашылған. 

Кафедрада «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша  Республикалық оқу–әдістемелік кеңес жұмыс істейді. Көркем– шығармашылық, ұлттық дәстүрлер, халық шығармашылығы бойынша әдістемелік кеңес тек қала ғана емес, Түркістан облысы мен Республикаға әдістемелік, ұйымдастыру және практикалық көмек көрсетеді.

  

Оқу-ғылыми–педагогикалық кешендер базасы болып табылатындар: Ж.Шанин атындағы Облыстық драма театры,  Қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы. Кейбір  мамандық  пәндері ОҒӨК базаларында өткізіледі.

    Мәдени –тынығу  жұмысы  білім беру бағдарламасының,  мәдениет  және өнер, мәдени-тынығу  мекемелерінде  кәсіби  іс-тәжірибеден  өтеді.  Іс-тәжірибе   базалары  қатары    ауқымды: Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы, Шымкент қаласы, Балалар мен жасөспірімдер  орталығы,  «Шымкент-цирк» МКҚК, Ж.Шанин атындағы қалалық  Академиялық қазақ драма театры, Облыстық орыс драма театры,  Ж.Омарова атындағы №1 балалар саз мектебі, Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №4 колледж, Шымкент қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы, Шымкент қаласы, №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар мен жасөмпірімдер мектебі, Шымкент қаласы «Отырар» облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы және  т.б. 
 

2015 жылдың қыркүйек айында «Мәдени -тынығу қызметі» кафедрасына «Әлеуметтік жұмыс» және «Мәдениеттану» мамандықтары қосылды. Кафедра атауы «Мәдени -тынығу және әлеуметтік қызмет» деп өзгертілді.  

 6В11410- «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының ерекшелігі мамандық түлектері индивид, әлеуметтік топ және толықтай қоғам  деңгейінде әлеуметтік мәселелерді тиімді шеше алуымен, сондай-ақ   инновациялық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруымен,  халықпен жұмыс істеу саласында  әлеуметтік саясат, құқықтық кеңес беру және әлеуметтік саланы басқаруда қоғам талабына сай жоғары білікті мамандарды  даярлауға  әлеуметтік әріптестікті нығайтуда белсенділікті арттырумен анықталады. 

Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке  6В11410- «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы (5В090500) бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры» дәрежесі тағайындалады.

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша бакалаврлар (ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық және жобалық ұйымдарда) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамасындағы біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талаптар қойылмастан әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік мәселелер бойынша әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы органдарының саласындағы әлеуметтік қызметкер; әлеуметтік қорғау мекемелерінде, әлеуметтік және құқықтық патронаж мекемелері, жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі; медико-әлеуметтік сараптама, денсаулық сақтау және психологиялық көмек көрсету мекемелері, әлеуметтік және еңбек сауықтыру орталықтары, балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту орталықтары, балалар үйлері, қамқорлық және қорғаншылық мекемелері, мектеп-интернаттар, жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі, көші-қон қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі, пенитенциарлық жүйе, құқық қорғау органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес халыққа  қызмет көрсету  мекемелері (халықтың түрлі топтарымен жұмыс), кәсіпорындардың, фирмалардың және меншік нысандарының әртүрлі ұйымдарының әлеуметтік және әкімшілік-кадрлық қызметтері (аналитикалық ақпаратты әлеуметтік сертификаттау бойынша жақындату және іс-шаралар, әлеуметтік ортаны дамыту және оңтайландыру, адам ресурстарын тиімді пайдалану); мәдени мекемелер; оқу орындары; әлеуметтік және педагогикалық көмек көрсететін мекемелері)  қызметтерін атқара алады.

Кәсіби қызмет саласы тұрғындарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамтамасыз ету; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, медициналық және әлеуметтік сараптама; пенитенциарлық жүйе және жұмыспен қамту, көші-қон, төтенше жағдайларға жәрдемдесуді реттейтін ұйымдар жүйесі; әртүрлі қызмет түрлері мен меншік нысандары, коммерциялық емес ұйымдар  саласы болып табылады.

2016 жылы 6D11120- «Мәдени- тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы бойынша докторантура ашылды, лицензия берді.

 2017-2018 оқу жылында  «Мәдени -тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасы  М.Әуезов атындағы ОҚМУ- нің 2017 жылдың 28 тамыз айында өткен Ғылыми Кеңесінің шешімімен (№1 хаттама) «Мәдени және әлеуметтік жұмыс», «Театр және эстрадалық шығармашылық» болып  екіге бөлінді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы негізінен Алматы, Ташкент, Одесса консерваториялары мен Шымкент педагогикалық мәдениет институттарын бітіруші мамандарынан құралған.  Олар:  Л.И.Шулунова, И.Б.Сихымбаев, Е.О.Балабеков, Ю.А.Сапарова, С.Ш.Тлеубаев  және  т.б.

Халық аспаптар оркестрі, «Қазына» фольклорлық ансамблі (Халықаралық, Республикалық фольклорлық конкурстар мен фестивальдердің жүлдегері), домбырашылар ансамблі, қобызшылар ансамблі, үрлемелі аспаптар ансамблі жұмыс істеді.

Кафедраның оқытушылар құрамы

    Кафедрада 1 ғылым докторы, 2 профессор,   1 PhD доктор,   3  педагогика ғылымдарының  кандидаты, 1 ҚР білім беру ісінің  үздігі, 1 ҚР Мәдениет саласының  үздігі,  2 ҚР  Елбасының «Болашақ»  халықаралық  стипендиясының  иегері.

Кафедра оқытушылары университет, қала, облыс және республика көлемінде өткізілетін барлық мәдени көпшілік іс- шараларға белсенді қатысады.

 «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының оқытушылары мен студенттері Сайрам жетім балалар үйінде іс-шара өткізіліп отырады және кәсіби –бағдар беру жұмыстары жүргізіледі.

Оқу-әдістемелік жұмыс 

Кафедра  оқытушылары  кафедрада  дайындалатын білім беру  бағдарламаларын  оқу-әдістемелік  материалдармен  қамтамасыз  ету  бойынша   белсенді  жұмыстар  жүргізеді. Кафедра  оқытушылары  дайындаған    оқу-әдістемелік  әдебиеттер      В092-Тынығу  білім  беру  бағдарламалар  тобы  бойынша  мамандар даярлайтын жоғары  оқу   орындарында  үлкен сұранысқа  ие.  Бұл келесідей  еңбектер:   Шулунова Л.И. «Художественно  массовая  организация  досуга» (2009ж), Р.Д. Дарибаеваның «Әлеуметтік жұмыс негіздері» (2010ж), К.К.Толегенованың «Мамандыққа кіріспе», «Әлеуметтік адаптация және реабилитация» (2010ж), Омар Е. О. Уалиханова А. «Мектептен тыс мекемелер дамуының тарихы» (2009ж.), Омар Е. О. «Мәдени-тынығу жұмысы теориясы» (2013ж.)Шулунова Л.И., Уалиханова А. «Бос уақытты  ұйымдастырудың  көркемдік-педагогикалық  әдістемесі» (2014ж.),  Сапарова Ю.А.,  Ормолдаева М. «Шоу бағдарламаларды ұйымдастыру» (2015ж), Сапарова Ю.А., Садоваская В.С., Қарамолдаева Д. «Коммуникативті  мәдениет  негіздері» (2015ж.),  Сапарова Ю.А. «Мәдени-тынығу  жұмысы саласындағы менеджмент, маркетинг» (2015ж),  Омар Е.О., Сапарова Ю.А. Көркемөнер  шығармашылығы (теориясы) (2016ж),    Нұртазина А.,  Алтынбекова А.Р. «Сахна тілі» (2017ж.),    Шулунова Л.И.  «Педагогика культурно-досуговой  деятельности» (2017ж),   Уалиханова А. «Балалар  шығармашылығын  ұйымдастыру  әдістемесі» (2017ж), Кадыралиева А.М «Теория и практика мультикультурализма». (Монография.  2019ж.), Алтынбекова А.Р. «Сахналық костюм» (2019ж),  Сихимбаев И.Б. «Культурология» (2019 ж.), Тлеубаев С.Ш. «Шетел хореографиясы  тарихы»   (2020 ж.), Алтынбекова А.Р. «Мәдени – тынығу мерекелерін безендіру әдістемесі»  (2021ж.). Мұнан  бөлек білім беру бағдарламалары  бойынша  пәндер  оқу-әдістемелік  материалдармен,   әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз  етілген.  

Студенттік өмір

Оқуды практикамен ұштастыру үшін кафедрада    4 студенттік үйірме құрылған. 2002 жылы «Думан» театры, 2004 жылы Шымшыма» сатиралық театры, студенттік КТК, ғылыми–зерттеу үйірмесі «Ізденіс»,  «Шуылдақтар»  КТК командасы  2005 жылы ҚР чемпионы атанды.

2005 жылы «Қисық айна» сатиралық театры құрылды. Боранбаев Айдархан  2008 жылы «Тазша  бала» конкурсында Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

 «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру  бағдарламсының студенттері жыл сайын өткізілетін студенттік Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі  орындарды иеленсе (2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2017, 2018, 2019, 2021), «Әлеуметтік  жұмыс»  білім беру  бағдарламсының студенттері  ІІ, ІІІ  орындарды  иеленіп келеді. 

  

2019  жылдың сәуір айында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері Е.А.Букетов атындағы Қарағанда мемлекеттік университетінде, I-ші Республикалық Олимпиадаға белсенді қатысып,  «Өте белсенді» номинациясына ие болып, Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жыл сайын  өткізілетін Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің ғылыми- зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 6В11120 - «Мәдени- тынығу жұмысы» білім беру  бағдарламсының студенттері ҚР білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды:  2014ж.-  Ябаева .ПИК-10-15к2 -II дәрежелі диплом;  Қосбаева Г .ПИК-12-15к2  -III дәрежелі диплом;

2015ж.  ПИК-12-15к3  тобының студенті  Алтай Б. - II дәрежелі диплом;  ПИК-11-15к2  тобының студенті    Ілебаева К. - III дәрежелі диплом;

2016ж.  ПИК-13-15к2  тобының студенті   Гофман А.А  - I дәрежелі диплом;  ПИК-13-15к1  тобының студенті   Смағұл Х.Ж. - II дәрежелі  диплом; ПИК-14-15к2 тобының студенті   Партаева Н.Т. - II дәрежелі диплом; ПИК-14-15к3  тобының студенті   Тілеуберген А.Н. -III дәрежелі  диплом;  ПИК-13-15к2  тобының студенті   Шерім М. - III дәрежелі диплом;

2017ж. ПИК-13-15к2 тобының студенті   Абдуллаева Г. - І дәрежелі диплом; ПИК-15-15р тобының студенті   Каримова Э - II дәрежелі диплом; ПИК-15-15к3  тобының студенті   Усенбекова Г.  - III  дәрежелі диплом;

2019 ж.     МС-17-15р  тобының студенті   Поповцева Е. -   I дәрежелі диплом;   МС-17-15-2к1 тобының студенті   Абдылиева А.  - III дәрежелі диплом.

     

Мамандық студенттері Халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдерге қатысып жүлделі орындарға ие болған:

    - Орынбасар А. –«Абайдың қара сөздері» Республикалық студенттік конкурсы, І дәрежелі диплом (2014ж);

    - Жуашбаева Г. «Арай-2013»  Республикалық ән конкурсы, І дәрежелі диплом (2013ж.);

    - Жуашбаева Г. «Магнификат» эстрадалық әндер, аспапты музыка, көркем және поэтикалық шығармашылық V Республикалық конкурсы, диплом (2014ж.)

  • Жуашбаева Г. «Самғау» Республикалық конкурсы, диплом.

   - Жуашбаева Г. «Шабыт» Халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі, Сертификат (2012ж.)

   - Сүйінов М. Ф.Онгарсынованың лирикалық өлеңдер жинағын көркем оқу бойынша республикалық конкурсы, ІІ дәрежелі диплом (2015ж.)

   - «Думан» студенттік жастар театры. Студенттік театрлардың республикалық фестивалі (Павлодар қ.) ІІ дәрежелі диплом;

   - Исламбеков А. «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, І дәрежелі диплом (2014ж.)

   -ПИК-09-15к2  тобының студенті Тажибаева М.  «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, ІІ дәрежелі диплом;

  -ПИК -10-15к3  тобының студенті Исламбеков А. «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, І дәрежелі диплом;

  -ПИК-10-15к2  тобының студенті Байсымақова А.  «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, ІІІ дәрежелі диплом (2014ж.)

  -ПИК-13-15к3 тобының студенті Алтайұлы Б.Жас ақындардың республикалық  «Шырайлым Шұбайқызылым» конкурсы, ІІ дәрежелі диплом;

-ПИК-12-15к3 тобының студенті Бақбер Алтайұлы Оңтүстік өңіріндегі жас таланттардың арасында «Сен жанбасаң лапылдап» аймақтық жыр мүшайрасында II орынды иеленді, 2014ж.

  -Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастырумен өткен Факультетаралық «ЖАС ТАЛАНТ-2014» байқауында «Дәстүрлі ән өнері» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін ПИК -12-15к2 тобының студенті Қайырбаева Перизат I орынды иеленді және «Байқау жеңімпазы» атанды.

    -Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастырумен өткен Факультетаралық «ЖАС ТАЛАНТ-2014» байқауында «Дәстүрлі ән өнері» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін ПИК -14-15к3 тобының студенті Ескермес Нұрбек II орынды иеленді және «Байқау жеңімпазы» атанды.

-Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастырумен өткен Факультетаралық «ЖАС ТАЛАНТ-2014» байқауында «Би өнері» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін ВПИК -14-15к3 тобының студенті Мұсақұл Жадыра III орынды иеленді және «Байқау жеңімпазы» атанды. 

- ПИК-12-15к3 тобының студенті Әшірбай Н., ПИК-13-15к3  т обының студенті Нұралиева А. «Боз бала мен бойжеткен» Облыстық байқауы.. Шымкент қ. Шәмші Қалдаяқов атындағы Облыстық филармония. Бас жүлде, сертификат диплом, қаржылай сыйлық. 2015ж

-.ПИК-14-15к2  тобының студенті Рысымов Н. «Педагогика және Мәдениет» факультеті студенттері арасында «Біз екеуміз бір болайық» шоу байқауына қатысып,  бас жүлде, дипломға ие болды. 2015ж.

  -ПИК-12-15к2 Орынбасар А. Республикалық студент жастардың өнер фестивалінде І – орынға ие болып дипломмен марапатталды,2015ж.

- ПИК-12-15к3 тобының студенті Әшірбай Н., ПИК-13-15к3  тобының студенті Нұралиева А.. Облыстық «Қозы Көрпеш Баян сұлу»  фестивалінде жүлделі І – орын және дипломға ие болды,2015ж.

- ПИК-15-15к3 тобының студенті Мақұлбек Б.А. Облыстық білім, Жастар саясаты тілдерді дамыту басқармасы, Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Студенттік шақ» деп аталатын іс- шараға қатысып, алғыс хат алды. 2016ж.

-Бейсенғалиева С. ПИК-16-15к3 тобының студенті «Жыл аруы-2016» байқауы- 1-орын, диплом.

-Тортай Қ.ПИК-13-15к3 тобының студенті-«Ұлттық құндылық- ұлт болмысы» жастар байқауы.- 3 орын, диплом. 2016ж.

-Әбдішәріп М.ПИК-15-15к3 тобының студенті-«Білесіңбе , өлеңнің жүрегінде Қазақ дейтін ғажайып ел жатқанын»   жас ақындар мүшәйрасы (байқау)- мадақтау қағазы. 2016ж.

-Мықтыбек Ұ. ПИК-15-15к3тобының студенті -Жайдарман Республикалық жоғарғы лига ойыны - «Үздік ойыншы» номинациясы. 2016ж.

 «Жыл студенті -2016 байқауының  жүлдегерлері:

-Мураталиева А.ПИК-15-15к2 тобының студенті  -номинация «Жас ақын». диплом

-Музаппарова Ш.ПИК-13-14к тобының студент    -номинация «Үлгерімі жоғары студент».диплом

- Мықтыбек Ұ. ПИК-15-15к3 тобының студенті   -номинация «Үздік КВН ойыншысы»

-Рсымов Н. ПИК-14-15к3 тобының студенті      - номинация «Жас отбасы» диплом.

 МПИ-17-11нк тобының магистранты  Бидос Қ.Н. «Үздік жастар премиясы» және «Үздік жас жазушы» номинациясы. 2017ж.

МС-17-15-2к1 тобының студенттері Ж., Қаныбек Е., Қайым Б.  «Жас талант-2017» байқауында  бас жүлде. 2017ж.

  МС-17-15р тобының студенті Поповцева Елена жүлделі  Халықаралық балалар шығармашылығының «Таланттар күні» фестиваль-конкурсында  жүлделі 1 – орынды иеленді. 2019 ж.

МС-17-15р тобының студенттері  Аньшина Д., Лойко Д., Пошакаева Н., Сайлау А., Белоусова А. «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы»  шарасының аясында «Менің сүйікті қалам»  атты  іс-шараны  өткізгені  үшін  қала әкімінің  Алғыс  хатымен  марапатталды (2020ж.)

МС-18-15р тобының студенттері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  «Балалар  - болашағымыз» атты  іс-шараны  ұйымдастырып  өткізгені  үшін Жастар   уақытын   тиімді  ұйымдастыру  орталығының  директоры Ж.Күздеубаевтың алғыс  хатымен марапатталды. 2021 ж.

2020 жылдың 25 қыркүйегінде  М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Мәдениет және спорт» факультеті, «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының Пик 17-15р тобының студенті Калиев Айдос Шымкент қаласы, Қамқоршылық күні» мерекесіне арналған «Мейірімді жүрек» атты іс-шара 18-20 қараша күні аралығында мейірімді демеушілер тарапынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 жасөспірімге қыстық жылы киімдерді (бас киім, қыстық етіктер мен сырт киімдер)сыйлыққа тартты. Сыйлықтарды алған бүлдіршіндер үлкен қуанышқа кенеліп, демеуші ағаларына кішкентай жүректерінен үлкен разышылықтарын жолдап, алғысарын білдірді.
20 қараша күні балалар үйінің түлегі, Мәдени - тынығу жұмысы мамандығы МС -17-15р тобының студенті Айдос Қалиев Саз колледжінде колледж оқытушыларының ұйымдастыруымен қашықтықтан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және қорғаншылық пен қамқоршылық бөлімінде есепте тұратын жетім және ата-анасының қмқорлығынсыз қалған балаларға «Біз мықтымыз» атты мерекелік концерт беріп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.
Осыған орай, қайырымдылық шараларына белсене қатысып, демеушілік көрсетіп келген қамқоршылар мен патронат тәрбиешілерді және демеушілік жасаған, кең жүректі азаматтарға Шымкент қаласы білім басқармасы тарапынан Алғыс хаттар табыс етілді.

 

МС-17-15р тобының студенттері  Аньшина Д., Лойко Д., Пошакаева Н., Сайлау А., Белоусова А. «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы»  шарасының аясында «Менің сүйікті қалам»  атты  іс-шараны  өткізгені  үшін  қала әкімінің  Алғыс  хатымен  марапатталды (2020ж.)

МС-18-15р тобының студенттері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  «Балалар  - болашағымыз» атты  іс-шараны  ұйымдастырып  өткізгені  үшін Жастар   уақытын   тиімді  ұйымдастыру  орталығының  директоры Ж.Күздеубаевтың алғыс  хатымен марапатталды. 2021 ж.

        28.10.2020ҚР Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру, насихаттау аясында, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Мәдениет және спорт» факультеті, «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының Пик 17-15-2к1 тобының студенттері: Мирман А. Жұман Ж. Қайым Б. Абу А. Слам А. Абдылиева А. Нұртай Т. Шымырбай А. Махмудова Д. Мүтәлі Д. Қалтай Л. Уйбағар А. Қаныбек Е. Романкүл Ж.  практика ретінде Шымкент қалалық жеке бала бақша жәнеже мектептерінде түрлі іс шараларды ұйымдастырды

30.11.2020 ж.., тәлімгер Назанова Г.Ж . басшылығымен  ҚР Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру, насихаттау аясында ПИК 20-15 2к1 тобы мен  ҚР Тұңғыш Президенті-күніне орай «Елін сүйген,елі сүйген елбасы» тақырыбында ZOOM платформасында тәлімгерлік сғатын өтті 

 

 

10.04.2021 ж

Аға тәлімгер: ПайзБ.Қ

Тәлімгер: Назанова Г.Ж “Мәдени және әлеуметтік жұмыс” кафедрасының МС 20-15к1 тобы“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Түркі тілдес халықтардың мәдени астанасы ТҮРКІСТАН шахарына саяхат жасап келді.

  

28.11.2020 ж Жастар ресурстық орталығында «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасының» жабылу қщұрметіне арнап «Менің сүйікті қалам» атты әс-шара. «Мәдени және кәлеуметтік жұмыс» кафедрасының  студенттерінің қатысуымен өтті. Жетекшісі Тарасенко Татьяна Викторовна

15.04.2021 М.Әуезов атындағы ОҚУ мәдениет және спорт факультеті “Мәдени және әлеуметтік жұмыс” кафедрасының магистр,оқытушысы Асанхан Дәурен Бақытұлы МС 20-14к әлеуметтік жұмыс мамандығының  1 курс студенттерімен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған “Дара тұлға Ыбырай” тақырыбында тәлімгерлік сағатын өткізді.

 

Академиялық ұтқырлық           

 

 Білім беру қызметін көрсету саласында өзара қызметтестік  келісімдері бар.

6В11120 (5В090600) - «Мәдени-тынығу жұмысы»  білім беру  бағдарламасы бойынша ішкі академиялық ұтқырлық   бағдарламасы  бойынша  студенттер  келсі  оқу  орындарында  білім  алды:    Орал қ. М.Өтемісов атындағы   Батыс Қазақстан  университетінде (Зиаудинова Ж.Н., Кожасейтова    А.Б. (2011-2012 о.ж.);  Ташим А.О., Ілебаева К.Ж. (2013-2014жж.); Әзімбек Г.Б., Базарбай А.Қ. (2017-2018жж.);

  Алматы қ. Қыздар мемлекеттік   педагогикалық  университетінде (Байсымакова А., Байсымакова А. (2011-2012о.ж.); Тәжімаханова М.А., Тастанбек Н.А. (2015-2016жж.);

Аталған  оқу  орындарынан   М.Әуезов атындағы ОҚУ-не   5В090600 «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша  келесі  оқу орындарынан  студенттер академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша  білім алды:      Орал қ. М.Өтемісов атындағы   Батыс Қазақстан  университетінен Бақытова А., Айтқалиев Н. (2013-  2014жж);  Джанаева А.Д., Қайырбаева  П.Т. (2014-2015жж); Мирамғалиева П.М., Бақтығалиева Ж.А (2015- 2016жж); Алматы қ. Қыздар педагогикалық университетінен: Кизатова А.Б., Уласбекова Н.Х  (2015- 2016жж.);  Зиядос Т.Б., Сазахан Б.Б. (2016-2017жж.).

Кафедрада  студенттердің сыртқы  академиялық ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  жұмыстар жолға  қойылған.

 Лебедь Э. (2012-2013о.ж.) Мәскеу  Мемлекеттік  мәдениет институтында;   5В090500 -«Әлеуметтік жұмыс»  мамандығының студенттері  Серкебаева Б.А., Ерболат А.Е.   «Sosial work and counseling» білім беру бағдарламасы бойынша Констанц Университетінде (Германия. 2016-2017о.ж.) сыртқы академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша білім алды.

2020-2021  оқу  жылының көктемгі семестрінде  6В11120-Мәдени-тынығу  жұмысы  білім беру  бағдарламасының   студенттері Таурбекқызы  Алуа,  Сайлау   Айгерім, Хайтметов  Шохзод,  Кенжеханқызы Мереке,  Сарсенбаева Алтынай Ресей Федерацияы, Мәскеу   қалалық педагогикалық  универсиеттінде  академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  білім алып келді

 

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру 

 

Магистратурада білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ғылыми-педагогикалық және бейіндік  бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты жоғарғы оқу орындары үшін және ғылыми – зерттеу секторлары үшін терең  ғылыми - педагогикалық  дайындығы бар кадрлар дайындайтын жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Магистратураның бейіндік  бағыттағы түрі өндіріс орындары мен сәйкес мамандық сфераларына тереңдетілген білімі бар кадрларды дайындайды. Магистрант диплом алу үшін теориялық білім алумен қатар, іс тәжірибеден өтіп, дипломдық жоба қорғайды.

 

7М11120 - «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы

Магистратурада кадрларды даярлау екі бағытта: ғылыми және педагогикалық және бейіндік. жүргізіледі.

Магистратураның білім беру бағдарламасын игерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.

Осы стандарт ережесінің төмендегідей мақсаттары бар:

- магистрлер даярлауды іске асыратын жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу және педагогикалық қызметін көтермелеу;

- халықаралық білім беру кеңістігі мен халықаралық еңбек рыногында Қазақстан Республикасының «Магистр» академиялық дәрежесін беру туралы құжаттарын танып мойындауын қамтамасыз ету.

Магистратураны бітірушілердің кәсіби қызмет нысандары болып табылатындар:

Бейіндік даярлауда: басқару органдары және мәдениет пен өнер мекемелері: мәдениет басқармалары мен бөлімдері, мәдениет және өнер орталықтары мәдениет және халық шығармашылығы, шоу-бизнес ұйымдастыру орталықтары, мәдени-тынығу мекемелері.

 Ғылыми және педагогикалық даярлауда: мәдени-тынығу жұмысы бакалаврлары мен мамандарын даярлайтын жоғары және арнаулы оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен мәдениет және өнер орталықтары, мемлекеттік және мемлекеттік емес профильдегі мекемелер .

Бейіндік бағыт бойынша:

- мәдениет және өнер саласында мекемелерге, шығармашылық ұжымдарға, ұйымдар мен бірлестіктерге, өнерге, білімге басшылық жасау, меншік түрінің барлық формасындағы мәдени орталықтар, студиялар мен фирмаларды басқару, таңдаған мамандануы бойынша жоғары деңгейдегі теориялық білім мен орындаушылық шеберлікті игеру, мәдени-тынығу жұмыстары формаларымен  әдістерін, тәжірбиелік дағдылар және ұжымдар мен үйірмелер және студиялармен, көпшілік шаралар, концерттер, спектакльдерді қою енеді.

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша 2 жылды құрайды; бейіндік бағыт бойынша 1 жылды құрайды.

 

7М10210 – «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы

7М11410 – «Әлеуметтік жұмыс» БББ бойынша  мамандарды даярлау екі бағытта жүргізіледі:
-бейіндік (1-1,5 жыл);
-ғылыми-педагогикалық (2 жыл).

7М11410 – «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы басқа мамандықтар бітірген бакалавр тұлғалар пән айырмашылығын тапсыру арқылы магистратурада білімін жалғастыра алады.

7М11410 – «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура бітірушілерінің кәсіби қызметінің нысандары болып табылады:

Бейіндік даярлық бойынша:

- Мемлекеттік және әкімшілік басқару органдарының жүйесі;

- Жоба сараптамалық зерттеу ұйымдары;

- Әлеуметтанулық қызметтер және т.б.;

- Кеңес беру зерттеу институты.

Ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша:

- Әрқилы меншік түріне негізделген ғылыми зерттеу және ғылым мекемелері;

- Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары;

- Адам мен қоғамның өзара әрекеттесу мәселелерін зерттеумен айналысатын әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-демографиялық институттар.

7М11410 – «Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны бітірушілер кәсіби қызметтің төмендегідей түрлерін атқара алады:

Бейіндік даярлық бойынша:

 

- Әлеуметтік –болжау; - Инновациялық – басқару; - Координациялық.

 

Ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша:

- Ғылыми-зерттеулік; - Білім беру (педагогикалық); - Сараптамалық.

 

Білім беру бағдарламалары магистранттарының ғылыми жетекшісі магистрлік диссертацияны ғылыми жетекшілікке қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.

Магистранттар   диссертация  тақырыптары  бойынша  халықаралық,  республикалық  ғылыми-практикалық  басылымдарда, РИНЦ  басылымдарында мақалалар жариялап  отырады.

Білім беру  бағдарламалары  бойынша  магистранттар  педагогикалық  практикадан    М.Әуезов атындағы ОҚУ  базасында  өтеді.  Ғылыми  тағылымдамадан  шетелдік  және  қазақстандық  алдыңғы  қатарлы   жоғары  оқу  орындарында  өтеді.

Магистранттардың ғылыми тағылымдама есебін талқылау 

 

7М11120-Мәдени-тынығу  жұмысы, 7М11410-Әлеуметтік  жұмыс  білім беру  бағдарламасының  магистранттары  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциялардың  қатысушылары.

 

 

М.Әуезов  атындағы ОҚУ "Әуезов   университетінің  100  жаңа  есімі" арнайы  жобасы  байқауының "Шығармашылық және спорт"  бағыты  бойынша  номинациясының   жеңімпазы  7М11410-Әлеуметтік  жұмыс  білім беру бағдарламасының магистранты Жақсылықова Диана

Магистранттар М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан   университетінде  ғылыми тағылымдамадан  өту  барысында. Тағылымдама мақсаты ғылыми-зерттеу  жұмысының  тақырыбы аясында  материалдар  жинау,  тәжірибе алмасу  болып  табылады.    

 

  

 

Біздің жетістіктеріміз

Оқу үрдісінде оқытудың инновациялық әдістері қолданылады: виртуалды лабораториялық жұмыстар, электронды оқулықтар, бейнелекциялар, іскерлік ойындар. Бұлардың барлығы студенттер мен магистранттарға білім сапасы және материалды игеру дәрежесін маңызды арттырады.

 Кафедраның оқытушылары ЖОО үздік оқытушысы грантының иегерлері:

- п.ғ.к.доцент Сапарова Ю.А. – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2008 ж., 2014 ж.)

- п.ғ.д.профессор  Омар Е.О. – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2009 ж.).

- п.ғ.д.профессор  Омар Е.О. – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2016 ж.).

- PhD  доктор,   доцент Кадыралиева А.М. - «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2018 ж.).

- Магистр, аға оқытушы  Уалиханова А. Президенттің «Болашақ»   стипендиясының   иегері. 2013 ж.  Мәскеу   Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде тағылымдамадан өтті.

5В090600-Мәдени-тынығу  жұмысы  мамандығы  2011, 2012, 2013, 2014, 2015 жылдардың  қорытындысымен мамандықтардың Ұлттық Рейтинг  бойынша  І  орынды, 5В090500-Әлеуметтік  жұмыс  мамандығы 2013 ж. қорытындысымен ІІ орынды  иеленді.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің  әрбір оқу жылындағы  қорытындысы  бойынша    оқытушылар түрлі  номинациялардың  жеңімпаздары атанған:

- п.ғ.к., профессор Шулунова Л.И.  - 2008-2009  оқу жылында  ОҚМУ үздік профессоры;

- аға оқытушы Сабекова А.С.-  2008-2009  оқу жылында  ОҚМУ үздік оқытушысы;

- аға оқытушы Уалиханова А. – 2009-2010 оқу  жылында ОҚМУ үздік оқытушысы;

- п.ғ.к., доцент Р.Д.Дарибаева 2009-2010  оқу жылы «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік доценті» номинациясына ие болды.

2010 жылы университет жаңашыл- педагогтарының бірінші форумына белсенді қатысқаны  және білім беру үрдісіне замануи ақпараттық және инновациялық технологияларды енгізудегі еңбегі үшін  п.ғ.к., доцент Р.Д.Дарибаева алғыс хатпен марапатталды.

2012 ж желтоқсан айында аға оқытушы Лес М.К. Біріккен Араб Әмірлігінің Абу Даби қаласында өткен дүние жұзілік фестивальге, жетекші ретінде Қазақстан Республикасының атынан барып қайтты.

2013 жылдың 14 мамыр күні  «Қазына» фольклорлық ансамбліне 25жыл» атты мерекелік концерт өткізілді.

- п.ғ.к.., доцент Сапарова Ю. А., магистр Жумагулов К. магистрлік дипломдық жұмыстар арасында ұйымдастырылған байқауда жүлделі  ІІ- орын дипломымен марапатталды. (15.01.2015ж.)

- п.ғ.к., доцент Сапарова Ю. А. КОНКОРД (МАК) Халықаралық академиясында пәнаралық іс – сапар және Халықаралық ФИДЖИП федерациясы «Ғылыми бірлестік және халықаралық ұйымы» ғылыми – танымдық турымен Париж – Анси («Венеция в Альпах») – Швейцария – Милан -Лазурный  жағалауы Италия мен Франции  княздығына барумен қатар  Монако – Ницца – Лион – Париж.(Сертификат 10.05.2015ж.)

-аға оқытушы Төлегенова  К.Қ. «Лидер образования» медалі (2015ж.)

- п.ғ.к., доцент Ю.А.Сапарова «Лидер образования» медалі (2016 ж.)

-  п.ғ.к.,  доцент Дарибаева Р.Д. М.Әуезов  атындағы  ОҚМУ-нің  75 жылдығына мерейтойлық төс белгі. 2018.

  -Уалиханова А. М.Әуезов  атындағы  ОҚМУ-нің  75 жылдығына мерейтойлық төс белгі. 2018.

-Ауесбаев Е.С.«Халық театрларындағы қойылымдық жұмыстың заманауи сипаты»тақырыбындағы баяндама оқып, шығармашылық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін (Сертификат Шымкент 2018 ж..)

- Ауесбаев Е.С. «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің Республикалық фестиваль-байқауына қатысқаны үшін (Сертификат Шымкент 2019 ж.)

  • Ауесбаев Е.С. Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің Республикалық фестиваль-байқауында шығарманы шебер сахналаганы үшін Гран при (2019 ж.)

- Назанова Г.Ж «16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік» күніне тәрбиежұмысындағыбелсенділігіүшін М.Әуезов атындағы ОҚУӘлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорынанАлғыс хат (2020 ж.)

- Назанова Г.Ж М.Әуезов атындағы ОҚУ, Әлеуметтің және тәрбие департаментінің ұйымдастыруменөткізілгенҮздік тәлімгер -2020байқауындажүлделіI- орын (2020 ж.)

 

- Пайыз Б.   ҚР  Жоғары оқу орындары  студенттерінің арасында 5В090600- Мәдени- тынығу жұмысы мамандығы,  6В092-«Тынығу»  білім беру бағдарламалары тобы бойынша XIII- Республикалық пәндік олимпиадасында белсенділік танытканы үшін Алғыс хат. (2021 ж.)

- Убайдин Қ. ҚРЖоғары оқу орындарыстуденттерінің арасында 5В090600- Мәдени- тынығу жұмысы мамандығы, В092-«Тынығу»білім беру бағдарламалары тобы бойынша XIII- Республикалық пәндік олимпиадасында белсенділік танытканы үшін Алғыс хат. (2021 ж.)

- Назанова Г.Ж М.Әуезов атындағы ОҚУ «Әуезовуниверситетінің 100 жаңа есім» арнайы жобасы байқауына қатысканы үшін – сертификат .

 

      Ғылыми өмір

    Кафедра оқытушы-профессорлар  құрамы  Б-16-12-05 «Мәдени-тынығу және әлеуметтік қызметтің қазіргі  кезеңдегі даму бағыттары»  мемлекеттік  бюджеттік тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Тақырып жетекшісі п.ғ.к., доцент Сапарова Ю.А. Кафедра оқытушылары 70-тен аса оқулықтар мен оқу құралдарының,  20-дан  аса электронды оқулықтардың, 5 электрондық оқу құралы,   5 монография,  өзге  де  ғылыми-әдістемелік материалдардың авторлары.   15-тен астам   зияткерлік  меншік  құқығына  авторлық  куәлік алынған.   Кафедра  оқытушы-профессорлары  құрамының  ғылыми  мақалалары  жоғары  рейтингілі  басылымдарда, ККСОН  тіркелаген   журналдарда, РИНЦ  басылымдарында, халықаралық  және  республикалық  ғылыми-тәжірриелік  конференцияларда  жарияланады.  

 

Кафедра  оқытушыларының  3 индекс Хирша бар: Тлеубаев С.Ш., Сапарова Ю.А., Кадыралиева А.М.

Халықаралық байланыстар

    Болон үрдісі және академиялық ұтқырлық орталығы М. Әуезов академиялық алмасу немесе ұтқырлық бағдарламаларына білім алушылар мен ОПҚ қатысуын қамтамасыз етеді. Болон үрдісінің міндетті көрсеткішінің бірі ретінде студенттерге академиялық ұтқырлық тұрғысынан республика оқу орындары мен алыс-жақын шетел оқу орындарында білім алмасу қарастырылған. Қазіргі уақытта «Мәдени және әлуметтік жұмыс кафедрасы сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын сәтті жүзеге асыруда.

Шет елдік ғалымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мәскеу   Мемлекеттік мәдениет, Мәскеу  қалалық  педагогикалық  университеті,  А.Кадыри атындағы Ташкент Мемлекеттік мәдениет институтымен  ынтымақтастық келісім-шарттар бар.

Бұл жұмыс бағыттар  бойынша алыс шетелден  PhD докторы Юрген Вернер Вольфганг Асмус (Германия) және жақын шет елдерден п.ғ.д.,профессор Садовская В.С., м.ғ.д., профессор Ремизов В.А., п.ғ.к., профессор Тихоновская Г.С., ф.ғ.к.,профессор Скляр И.Г.  (Москва қ. Ресей Федерациясы) т.б.  ғалымдардың магистранттар мен студенттерге дәрістер оқуы   жүзеге асырылды.

7М11120-Мәдени-тынығу  жұмысы  білім  беру  бағдарламасының магистранттарының   ғылыми  тағылымдамадан  шетелдік  жоғары  оқу  орындарында  өтуі  жолға  қойылған.   

13.03.2017-22.03.2017жж. ғылыми тағлымдамадан   өткен магистранттар:

1.Мәскеу Мемлекеттік мәдениет институтына жіберілгендер:
6М020400- « Культурология» мамандығы бойынша  МПИ-16-4нк тобы. (Мамбетомар Б.Қ., Бошанова Ж., Еримбет Г., Әділханов Н).

6М090600  «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша МПИ-16-11нк. тобы .Тұрғантаева А.Р

2.Ташкент Мемлекеттік мәдениет институтына жіберілгендер:

6М090600 «Мәдени тынығу жұмысы» МПИ-16-11нк. тобының магистранттары Елдекенова Д.,Жамбулова Л.

2. .6М020400- « Культурология» мамандығы бойынша  МПИ-16-4нк тобы. Наурызбаев С.М.

2019-2020 оқу  жылының күзгі семстрінде  7М11120 – Мәдени-тынығу  жұмысы  білім  беру  бағдарламасының магистранты Қазақбаева Альфия   академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша Стамбул  мәдениет  институтында  білім алып келді.  (Турция).        

Кәсіби бағдар 

21 сәуір күні А.С.Пушкин атындағы кітапханада «Мәдениет және спорт» факультетінің “Мәдени және әлеуметтік жұмыс” кафедрасының студенттері МС 18-15р, МС 19-15р және №11 мектептің мектеп оқушыларымен бірге аға оқытушысы Тарасенко Т.В жетекшілігімен Жамбыл Жабаевтың 175 - жылдық мерей тойына орай “Ленинградцы дети мой!” тақырыбында іс-шара өткізді.

 

19.04.2021 жылы М.Әуезов атындағы мәдениет және спорт факультетінің "Мәдени және әлеуметтік жұмыс" кафедрасының оқытушылары Жетісай ауданы, Мақтарал жалпы білім беретін мектептерінің түлектері арасында М. Әуезов атындағы білім беру дайындық бағдарламалары және 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдау талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

19.04.2021 жылы М.Әуезов атындағы мәдениет және спорт факультетінің "Мәдени және әлеуметтік жұмыс" кафедрасының оқытушылары Қазығұрт ауданы “Қ.Сәтпаев” атындағы лицей мектебінде және “Т.Рысқұлов”атындағы орта мектебі және “Болашақ” мектеп гиманзиясында  білім беретін мектептерінің түлектері арасында М. Әуезов атындағы білім беру дайындық бағдарламалары және 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдау талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

 

16.04.2021 жылы М.Әуезов атындағы мәдениет және спорт факультетінің "Мәдени және әлеуметтік жұмыс" кафедрасының оқытушылары Төлеби ауданында  Т.Тоқысбаев атындағы және Б.Тулкиев атындағы орта мектептерінде М. Әуезов атындағы білім беру дайындық бағдарламалары және 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдау талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

 

    

  

       Біз олармен мақтанамыз 

       Біздің кафедраның бітірушілерінің рейтингісі жоғары және оларға жұмыс берушілерден сұраныс мол.   Біздің бітірушілер жұмыс орындары бойынша жан -жаққа таралған.  Олардың ішінде қаншама атақтылары бар десеңші!

 -ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев.

 -ҚР Халық әртісі , Тамаша» театрын қалыптастырушы Есенов Л.   

-ҚР Халық әртісі ,композитор Ильясов М.                                                   

-ҚР халық әртісі Нағима Ескалиева.

-ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова.

-ҚР еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров.

-ҚР еңбек сіңірген әртісі, әйгілі композитор Марат Ильясов.

-Көптеген халықаралық музыка фестивалдерінің  лауреаты Гайсин Р.                                                                                                                                                            

-Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық әншілер байқауының лауреаты Мамадияр Таукеев.

-Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық әншілер байқауының лауреаты Хадиша Сейтова.

-«Романсиада»  Халықаралық әншілер байқауының дипломанты  Виктория Борисова.

-«Очарование романсом» Халықаралық әншілер байқауының лауреаты Ж.Тажибаева.

-«Романсиада»-Халықаралық әншілер байқауының дипломанты Бахыт Джумабеков.

-«Жігіттер» квартеті;


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.