Педагогика ғылымдарының докторы,профессор,Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі,
ҚР ЖОО-ың Үздік оқытушысы, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі
Мекен жайы: Шымкент қ., 160018, Тауке-хан даңғылы 5, ОҚМУ. «8» ғимараты, Т. Тәжібаев көшесі №2,. «Мәдениет және өнер» факультеті, 222 кабинет,
Тел: 8(7252) 36-71-20
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Оқу ісі жөніндегі декан орынбасары: магистр оқытушы Шакиртаев Батыржан
Тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары: аға оқытушы Бексейітов Нұржан
Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі декан орынбасары: аға оқытушы Алтынбекова А.Р.
Жалпы мәліметтер
«Мәдениет және өнер» факультеті бұрынғы Әль-фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты мен М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының мәдениет, өнер, педагогикалық мамандықтары негізінде құрылған.
1967 жылы 11 сәуір күні Қазақстан КП Орталық комитеті мен Қазақстан Министрлер Кеңесінің №230 қаулысына сәйкес, республикалық мәдени-ағарту мекемелеріне жоғары білікті мамандар және жалпы білім беретін мектептерде музыка пәнінің мұғалімдерін даярлау мақсатында Шымкент қаласында Педагогикалық мәдениет институты ашылды. Жаңадан ашылған институтқа Москва, Ленинград, Алматы, Ташкент, Киев, Одесса, Барнаул сияқты қалаларда мәдениет институттарын, консерваторияларды бітірген жас мамандар шақырылды. Ө. Ғұбайдуллин, Ж. Кенешова, Г. Есполова, С. Гевич, Т. Шапоренко, Қ. Ахметова, Л. Шулунова, А.Жақыпбеков, А.Айтқалиев, Қ.Жақыпбекова, А.Байтасов, С.Байжұманов, Т.Сницарова, О.Мұхамеджанов, У.Сүлейменов, Б.Кутунов, С.Нигметова, Н.Щаденко, Ж. Қойшыбаев, Г.Точилова, К.Раскалиев, Ж.Ажибеков және басқа ұстаздар институттың өркендеуіне өз үлестерін қосты. 1975 жылы Кеңес Одағына кеңінен танымал болған институтқа Шығыстың ұлы ойшыл ғалымы Әл-Фарабидің есімі берілді.
Институттың өркендеп дамуына 1967 жылдан 1978 жылға дейін институт ректоры қызметін атқарған, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, ғалым Сәдуахас Темірбековтың еңбегі орасан зор. Институттың материалдық-техникалық базасын жасады, оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырумен қатар институтқа оқытушылық жұмысқа келген жас мамандарды тәрбиелеуге аса көп көңіл бөлді. Ректор болған он бір жылдық мерзімде Кеңестер Одағындағы мәдениет пен өнер мамандарын даярлайтын барлық жоғары оқу орындарымен тығыз шығармашылық байланыс орнатты. Жаңадан ашылған оқу орнына ғылыми-әдістемелік жәрдем көрсету мақсатында одақтың белгілі өнер қайраткерлері көптеп келіп жатты. Жиырмадан астам ұстаздарға кандидаттық және докторлық диссертация қорғауына жағдай жасалды. Сонымен қатар адамгершілік пен бірін-бірі сыйлаушылық принциптерін берік ұстанған ұйымшыл ұжым қалыптастырды.
Институтты 1978-1996 жылдар аралығында ф.ғ.к., профессор Мүтан Жүнісбаев басқарды. Ректорлық қызмет атқарған кезінде ол басты назарын институттың материалдық базасын нығайтуға бөлді. Қазіргі Қонаев даңғылы бойындағы № 8 оқу ғимаратын салу, оны жабдықтау істерін ұйымдастырды. Ол ректорлық жұмыс жасаған мерзімде көптеген жаңа мамандықтар мен маманданулар ашылды. Одақ пен республиканың белгілі жоғары оқу орындарымен орнатылған шығармашылық байланыстар онан әрі дами түсті. Мәдениет проблемаларына байланысты одақтық көлемде бірнеше ғылыми–практикалық конференциялар ұйымдастырылды. Он бестен астам институт ұстаздары докторлық және кандидаттық диссертация қорғап, институттың ғылыми потенциалын арттырды. Институт ұстаздары мен түлектері арасынан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткерлері, еңбегі сіңген әртістер, Халықаралық және Республикалық өнер конкурстарының, фестивальдардың лауреаттары мен дипломанттары шықты.
1996 жылы Шымкент педагогикалық мәдениет институты Қазақстандағы жоғары оқу орындарын оңтайландыру реформасына орай, қазіргі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлектеттік университеті құрамына кіріп, 2001 жылы «Мәдениет және өнер» институты болып университеттің құрамында қайта құрылды.
1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арнап «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдерін дайындау қолға алына бастады. Физика математика факультеті жанынан құрылған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М. Кан басқарды. Алғашқы оқытушылар қатарына Л.П. Павловский, Л.Ф. Жиляковалар болды. Кафедраның қалыптасып дамуы барысында Одақ, Республика көлеміндегі белгілі көркем-өнер оқу орындарынан білікті мамандар шақырыла бастады. Олардың қатарында Скородин Ю.И., Почукаева З.В., Ломакин Ю.И., Халмуратов Ж.И., Тастемиров Қ.Т., Савостина Л.М. т.б. болды. Сонымен қатар кафедранның алғашқы түлектері Ералин Қ.Е., Загоденко Ю.И., Никонов Г.В., сияқты оқытушылар қызметке қалдырылды.
Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедрадан тұратын «Көркем, сурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы Кәдеев И.У. басқарды.
1996 жылы ЖОО-ның құрылымдық өзгерулеріне байланысты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның жаратылыстану-педагогика факультеті құрамында «Сурет және кескіндеме» кафедрасы болып құрылып, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдері осы аталған оқу орнында дайындала бастады. Кафедраны алғашқы жылдары п.ғ.к., доцент Павловский А.Л., 1999 жылдан 2004 жылдарға дейін п.ғ.д., профессор Ералин Қ.Е., 2004 жылдан п.ғ.к., доцент Бейсенбаев С.Қ., п.ғ.д., доцент Тәңірбергенов М. Ж., п.ғ.к. М.Ж.Джакипбекова, п.ғ.к. Т.С.Буркитбаев, п.ғ.к. Қ.А.Жолдасбекова, филос.ғ.к. доцент, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі Болысбаев Д.С қызмет атқарды.
«Педагогика және мәдениет» факультеті, «Мәдениет және спорт» факультеті құрылып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры т.ғ.д., профессор Д.П. Қожамжарованың ұсынысымен екіге бөлініп «Мәдениет және өнер» факультеті атауы өзгертілді
Факультетте оқу ісін ұйымдастыру, студент–жастарды тәрбиелеу, кәсіби деңгейі жоғары мамандар таңдау, факультеттің материалдық–техникалық базасын нығайту, ғылыми–ізденіс жұмыстарды жолға қою, жаңа мамандықтар ашу сияқты көптеген шешімі күрделі жұмыстарды атқаруда факультетті әр жылдары қызметіне жетік, білікті ұстаздар басқарды. Олар: Б.Жүсіпәлиев (1967-1968), Ө.Ғұбайдуллин (1968-1981), Е.Балабеков (1981-1996), Е.Омар (1996-1997), Ө.Ғұбайдуллин (1997-1998), Е.Балабеков (1998-1999), К.Дүйсенбаев (1999-2000), А.Саипов (2000-2001) Ө.Ғұбайдуллин (2001-2002), Е.Балабеков (2002-2006), С.Жақипбеков (2006-2008), 2010 – 2013ж. А.Б.Нұрлыбекова, 2013–2021ж. Қ.Ж.Әжібеков атқарып келді.
2021 жылдан бастап «Мәдениет және өнер» факультетін п.ғ.д., профессор, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі, ҚР ЖОО-ың Үздік оқытушысы, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі Тәңірбергенов Медеубек Жұматайұлы декан қызметін атқарып келеді
Факультет кафедраларындағы ғылыми зерттеу жұмыстары университеттің ҒЗЖ тақырыптық жоспарына сәйкес 13 бағытта жүргізіледі. Факультеттің ғылыми потенциалы жоғары деңгейде. Кафедраларда 9 профессор, 13 ғылым докторы, 39 ғылым кандидаты, 2- Қазақстан республикасына еңбегі сіңген қайраткері, 5-ҚР Мәдениет қайраткері, 3- ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, 10-ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, 1 ҚР халық әртісі, 2 Халықаралық байқаулардың лауреаттары, 3 ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, 48 аға оқытушы, 5-концертмейстер, 30 магистр қызмет оқу– тәрбие жұмысын жүргізеді.
Факультет түлектері Қазақстанның барлық аймақтарымен қоса, жақын және алыс шет мемлекеттерде еңбек етуде. Көптеген профессор–оқытушылар Халықаралық және Республикалық байқаулардың жүлдегерлері, ҚР «ЖОО–ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері, «ҚР мәдениет қайраткері» атағының иегерлері. Оқу үрдісі Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру технологиялары бойынша ұйымдастырылған. Студенттерді кредиттік жүйе бойынша оқыту үшін Жоғары мектепте кітап қорын оқу-әдістемелік әдебиеттермен толтыру, оқыту үрдістеріне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, оқу үрдісін ақпараттандыру және компьютерлендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Барлық кафедраларда корпоративтік торап арқылы интернетке қосылған компьютерлік сыныптар бар.
«Мәдениет және өнер» факультетінің тәрбие жұмыстары
Қазіргі таңда Мәдениет және өнер факультетінде 1671 студент білім алуда, соның ішінде мемелекеттік грант бойынша 846 және 825 студент ақылы негізінде. Оқу жылы басында факультетінің деканы өкімімен әр академиялық топқа тәлімгер және топ басшылары тағайындалады. 2019-2020 оқу жылында Мәдениет және өнер факультетінде барлығы 130 академиялық топ бар, сонымен қатар оқу жылы басында Мәдениет және спорт факультетінің деканының өкімімен жоғары мектеп аға тәлімгері және кафедра аға тәлімгерлері тағайындалады.
Факультеттің студенттік өзін-өзі басқару құрылымы, студенттік Кеңес белсенділік танытады. Студенттік декан МС-18-3к3 тобының студенті Қалыбай Асхат.
Мәдениет және өнер факультетінің тәрбие жұмысы мына бағыттар бойынша жүргізілуде:
- Қоғамдық-саяси және құқықтық іс-шаралар;
- Интернационалдық және патриоттық тәрбие;
- Діни экстремизм мен халықаралық терроризмнің алдын алу іс-шаралары;
- Адамгершілік-мәдени және эстетикалық тәрбие;
- Ғылыми-зерттеу және шығармашылық іс-шаралар;
- Жатақханадағы іс-шаралар;
- Студенттерді спорттың бұқаралық түрлеріне тарту және салауатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары;
- Студенттерге кәсіби тәрбие беру іс-шаралары;
- Жетім, жартылай жетім, табысы аз және көпбалалы отбасы мүшелері студенттерге қайырымдылық көмегін көрсету іс-шаралары.
Түлектерге
Факультетте мына бағыттар бойынша бакалаврлар, магистрлар дайындалады: Музыкалық білім беру, бейнелеу өнері және сызу, Режиссура, Хореография, Кескіндеме, Графика, Сән өнері, Сән дизайн, Орта дизайн, Әлеуметтік жұмыс, Мәдени тынығу жұмысы, Продюссер және театр қойылымдарының технологиясы.
5В040900 – «Хореография»
6В02130 - «Хореография»
Кафедра –«5В040900», «6В02130»- «Хореография» мамандығы бойынша, хореография педагогы біліктілігіне ие болатын бакалавр мамандарды дайындайды.
Біздің түлектер Қазақстанның әр облысында, жақын және алыс шет елдерінде мамандығы бойынша қызмет атқаруда. Кафедра ұжымының басты міндеті мен бағыты оқу-әдістемелік жұмыстарының сапалығын арттыру.
Хореография мамандығын бітірген түлектер арнайы мектептерде, колледждерде педагог-хореограф ретінде, хореографиялық ұжымның жетекшісі, балетмейстер ретінде, би театрларында, Мемлекеттік би ансамбльдерінде әртіс ретінде қызмет атқарады.
5В040600 - «Режиссура»
6В02120 - «Режиссура»
5В040600 - «Режиссура», 6В02120 - «Режиссура» мамандығы, «Бұқаралық қойылымдар мен шоу бағдарлама режиссурасы» мамандануы. оқу мерзімі – 5 жыл
Мамандарға жұмыс орындары: Театр, шығармашылық орталықтар, радио және телестудия, киностудия, мәдениет мекемелері және жоғары өнер оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары.
Мемлекеттік және жекеменшік мәдени мекемелердегі режиссер; Мәдени мекемелерде басшылық және әдіскерлік қызмет
5В010600 - «Музыкалық білім»
6В01420 - «Музыкалық білім»
Академиялық дәрежесі- Музыкалық білім бакалавры
Біліктілігі: «Музыка пәнінің мұғалімі»
Мамандықтың сипаттамасы Бітіруші мамандар мәдениет және өнер колледждерінде, балалар музыкалық мектебінде, жалпы білім беру лицей мен гимназияларында оқытушылық, мәдениет басқармасының бастығы, Республикалық, облыстық ғылыми-әдістемелік орталықтарының, аудандық мәдениет сарайларының директоры, ауылдық клубтардың меңгерушісі, мәдени-ағарту мекемелерінің әдіскері, көркемұжымдардың жетекшісі және дирижеры қызметтерін атқара алады.
Оқу мерзімі–күндізгі бөлімде оқудың ұзақтығы-4 жыл.
Сырттай оқу бөлімінде орта арнайы білімі жоқ-5 жыл,
орта арнайы білімі базасы бар – 3 жыл,
жоғары білім базасы бар –2 жыл.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Мәдениет және өнер» факультетінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Кафедра 2022 жылдың 20 қыркүйек айында университет ғылыми кеңесінің шешімі бойынша құрылған. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Арипбаева Л.Ш тағайындалды. 6В11121-«Театр қойылымдарының технологиясы және продюсерлеу», 6В11124-«Мәдени-тынығу қызметі және эстрадалық ән салу»,
6В01420-Музыкалық білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр мамандарын даярлайды.
В11120, 5В090600- «Мәдени-тынығу жұмысы» бакалавриаты бағдарламасы бойынша мәдениет және өнер білім беру ошақтары, бұқаралық ақпарат құралдары саласына мамандар даярланады. Олардың кәсіби міндеті тұрғындар демалысын ұйымдастыру, мәдени-тынығу жұмысының ақпараттық-мәдени, эстетикалық, идеологиялық бағыттағы жоғары көркемдік формаларын құру болып табылады.
Бакалавриат бағдарламасын игерген түлектердің кәсіби қызметінің нысандары:
- мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың, мәдени-тынығу саласындағы қоғамдық бірлестіктердің басқару жүйелері;
- мәдени-тынығу, рекреациялық нысандар мен тынығуы индустриясының менеджмент және маркетинг үдерістері;
- мәдени мекемелер мен ұйымдардың шығармашылық және өндірістік қызметінің үдерістері;
- мәдени мекемелердің көркемдік басқару үдерістері;
- көркем түрлеріндегі мәнерлілік құралдарды қолдана отырып, мәдени-тынығу бағдарламалары мен әлеуметтік-мәдени жобаларды құру және продюсирлеу үрдістері;
- әлеуметтік-мәдени шығармашылық және мәдени-ағартушылық қызмет технологиялары;
- әлеуметтік-мәдени анимация және рекреация технологиясы; мәдени және өнер құралдарын пайдалану арқылы әлеуметтік оңалту технологиялары;
- балалар-жасөспірімдердің бос уақытын, балалар, жасөспірімдер және жастармен жаппай мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруды педагогикалық қолдау үдерістері;
- ересек тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру, бұқаралық мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу үдерістері;
- жалпы білім беру, орта кәсіптік білім, балалар мен ересектерге қосымша білім беру және қосымша кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу үдерісі.
Білім беру бағдарламасының түлегі «Қызмет көрсету саласындағы бакалавр» дәрежесіне ие болады, ол келесі қызметтерді атқара алады:
Мәдениет және өнер саласындағы салалық біліктілік шеңбері (25 тамыз 2016 ж., №3 хаттамасы) сәйкес:
- клуб меңгерушісі;
- бөлім меңгерушісі.
«Білім беру» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (27 қараша 2019 ж., №3 хаттамасы) сәйкес:
- қосымша білім беру оқытушысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамасындағы біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талаптар қойылмастан бастапқы қызметтер атқара алады.
6В11410- «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының ерекшелігі мамандық түлектері индивид, әлеуметтік топ және толықтай қоғам деңгейінде әлеуметтік мәселелерді тиімді шеше алуымен, сондай-ақ инновациялық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруымен, халықпен жұмыс істеу саласында әлеуметтік саясат, құқықтық кеңес беру және әлеуметтік саланы басқаруда қоғам талабына сай жоғары білікті мамандарды даярлауға әлеуметтік әріптестікті нығайтуда белсенділікті арттырумен анықталады.
Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке 6В11410- «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы (5В090500) бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры» дәрежесі тағайындалады.
«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы
6В02170 - Сән дизайны білім беру бағдарламасы
Дизайнерлік қабілеті жоғары эстетикалық талғамы қалыптастырылған дизайнерлер дайындалады.
Қызмет аумағы:
-Күнделікті және арнайы киімдердің үлгісін дайындау;
-Тігін бұйымдарының топтық түрлері;
-Аксессуарлар жасайды;
-Тоқыма бұйымдарын дайындау;
Сахна костюмдерін жобалау;
-Шығармашылық жұмыстармен шұғылдану;
-Көркемсурет және өнер мектептерінде, жоғары, арнаулы оқу орындарында оқытушы;
-Сән салондарында, тігін шеберханасында арнайы киім дизайнері;
-Сән салондарында тігінші;
-Мектептен тыс мекемелерде эстетикалық циклдағы үйірмелердің жетекшісі.
6В02171 - Орта дизайны білім беру бағдарламасы
Дизайнерлік қабілеті жоғары, эстетикалық талғамы қалыптастырылған дизайнерлер дайындалады. Олар психология мен педагогикадан дәрістер берілу негізінде педагогтік қызметті де атқара алады.
Қызмет аумағы:
-Ойын сауықтыру және спорт сарайларының ішкі көрінісін жобалаушы дизайнер;
-Көрмелік және сауда экспозициялары;
-Жинақтау;
-Жеке үй және офистерді безендіру;
-Мейрамханалар, мәдениет сарайларын безендіру;
6В02160 - Сәндік өнер білім беру бағдарламасы
Қызмет аумағы:
Бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілеріне көркем бұйымдар әзірлейтін өндіріс орындары.
-Қымбат бағалы металдар мен тастарды көркемдеуші зергер;
-Көркем қолөнер бұйымдарын дайындаушы шебер;
-Шығармашылық шеберханалар мен студиялардың жетекшілері;
-Агенттіктер мен фирмалардың дизайнерлері;
-Көркемсурет колледжі, мектептерде мұғалім
6В01131-Визуалды өнер,көркем еңбек, графика және жобалау білім беру бағдарламасы
Визуалды өнер,көркем еңбек, графика және жобалау пәндерінің мұғалімі болып жұмыс атқарады
6В02140-Кескіндеме мамандығы білім беру бағдарламасы
Шығармашылық кескіндемеші болып жұмыс атқарады
6В02150 - Графика білім беру бағдарламасы