М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Педагогика және мәдениет» факультетінің «Мәдени- тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасының оқытушылары мен студенттердің ұйымдастыруымен университеттің бас ғимаратының акт залында 2016 жылдың 14 желтоқсанында сағ 1200 «Тәуелсіздік-басты құндылығымыз» атты театрландырылған қойылым ПИК-13-15к2 тобының студенті Тыныбекова Сапаркүлдің дипломдық- шығармашылық жұмысы өткізілді. Бұл іс шараны өткізу үшін кафедраның аға оқытушылары: А.И. Емкулова., Л.Ж. Жұмабай., К.Төреханов., А.С.Сабекова. Е.Абсаматова ., А.Шымалиев және 1-4 курс топ студенттері ат салысты. ҚР. Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс шара жоғары деңгейде өтті.