Жаңалықтар

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
- Пайз Бердияр Құрбаналиұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 6
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де «Қыз ғұмыры» атты мерекелік іс-шара өтті.
«Мәдениет және өнер» факультеті «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада баланы бесікке салу, тұсау кесу, қызды оң босағаға отырғызу, қыз ұзату секілді дәстүріміз қайта жаңғырды. Ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар бата беріп, абыройлы және өмірі өнегелі азамат қаз-қаз басқан сәбидің тұсауын кесті, ақ жеңгелер 13 жасқа толған қызды ақ босағаға қондырып, қыз ұзату дәстүрін көрсетті.
Мерекелік кеш аясындағы «Қызды оң босағаға отырғызу» – ұмытылып бара жатқан дәстүріміздің бірі. Қазақы салт бойынша қыз бала бой жетіп он екіге толған шағында үйдің оң босағасынан арнайы орын беріп, өзіне тиесілі киім-кешек, көрпе-жастығын, жатын орнын шымылдық құрып көлегейлеп, бөлектеп тәрбиелеген. Бұл дәстүр «қызды оң босағаға отырғызу» деп аталған. Оны бүркеп, көлегейлеп тұрған үлкен перде «шымылдық», ал шымылдық ішіндегі қыздың орны «көсеге» делінген. Бойжеткен ару ұзатылғанда көсегесін жасаумен бірге алып кететін болған. Осы орайда ел арасында «көсегең көгерсін» деген сөз содан шыққан.

powered by social2s